«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

2024 жылы «Келешек» бағдарламасы іске қосылады

Елімізде келер жылы «Келешек» бағдарламасы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.сайтына сілтеме жасаған Mugalzhar.kz.

«Бүгінде «Келешек» бағдарламасына заңнамалық өзгерістер енгізіліп жатыр. Білім туралы, жинақтаушы жүйе және басқа да заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Банктер әлі анықталған жоқ, олар бағдарламаның серіктесі болады. Жоғары қаржылық тұрақтылыққа ие банктер болатыны түсінікті. Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банктің өз талаптары болады», — деді Саясат Нұрбек Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр 6-7 банк аталған бағдарлама серіктесі болады деп болжап отыр. Сондай-ақ, С. Нұрбек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жылы 1 қыркүйекте балаларға арналған арнайы жинақтау жүйесін енгізуді тапсырғанын айтты.

Ұқсас ақпараттар

КҮЗГІ СУЫҚ МЕЗГІЛДЕ, ДЕНСАУЛЫҚТЫ КҮТ, ЕРІНБЕ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында «Уылдырық шашу» және «Таза су айдындары» акциялары басталды

admin_mugalzhar

Қазақстанда 24 қаңтардан бастап мектептер қайтадан офлайн форматқа көшеді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.