«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Гүлім ҚҰРМАНБАЕВА: «ШЕКТЕУДІҢ ТЕК МИЫМЫЗДА ЕКЕНІНЕ КЕЛІСЕМІН»

Газетімізде дүбірлі додалардан жүлделі оралып жүрген спортшылар туралы үнемі жазып отырамыз. Ондағы мақсат – жігермен табандылыққа толы еңбектерін үлгі қылу, жетістіктерін жария ету. Сол мұғалжарлық спортшылардың бірі Гүлім Құрманбаева адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеп жүрген жан. Сынаққа сынбай, қиындыққа мойымай, өзіне де, өзгеге де рухының мықтылығын көрсете білген спортшы жуырда ғана Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV пара Азия ойындарына Қазақстан атынан қатысып, 45 келі салмақ дәрежесінде қола медальді ел қанжығасына салған еді. Ал қазір пауэрлифтингтен ҚР чемпионы 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға лицензия алу үшін дайындық үстінде.

Денсаулығына байланысты спортпен айналыса алмаған балалығын ұмытқан емес өзі. Жанына жақын спортты алыстан ғана бақылау – бала көңілінде «неге» деген сансыз сұрақты тудыратын. Сол күндерібірдетүс көрді. Түсіндеанасы қызын үлкен тұңғиық суға лақтырыпжіберіп, өзіжоғарыданқарап тұрған еді. Суда жүзе алмайтын ол анасынан судан шығаруын өтінгенімен, анасы «жоқ, өзің шығуың керек, өзің жүзуің қажет» дегенді анық айтты. Сөйтіп, көмектің келмейтінін біліп, өз күшімен судан жүзіп шыққаны түсі болса да, өңіндей санасында сайрап тұр. Өзі де спортшы анасы қызын өмірде де үнемі «сен жасай аласың, сенің қолыңнан келеді, сен мықтысың» деп үнемі қайрап отырады. Бүгінде спортта жеткен жетістіктерінің артында әрине, анасының сол сенімі тұр.

Әр адамның өз биігі бар. Оған екінің бірі жете алмайды. Белгілі бір жетістікке жету үшін алға қойғанмақсатыңнантанбай, өмір жолында кездескен түрлі кедергілер мен қиындықтарға қарамай, алға нық қадам басуың керек, — дейді чемпион.

Ал кедергілер мен қиындықтар өмірінде «мүмкіндігі шектеулі» деп таңылған диагноздың кесірінен көптеп кездескені де рас.

Сонау балалық шақтан басталып, мектеп қабырғасындажалғасқан шектеулер мен мүсіркеулер – өмірден алар еншісінің үлесін азайтқан да болар, бәлкім… Бірақ Гүлім бүгінде бір нәрсені анық біледі. Шектеу – тек мида ғана. Сол шектеулердің жоқтығын түсінгеннен кейін өмірінде өзгерістер бола бастады. Ол өзгерістің басы спортқа келген 2015 жылдан басталды деседе болады. Спорт десе көзі жанып кететін қаршадай қыздың бойынан ұшқынды көре білген жаттықтырушы Гүлмира Сражанова Гүлімді спортқа алып келген алғашқы жан болды.

Гүлмира Сражова мені жеңіл атлетикамен таныстырған жан. 2015 жылы Қазақстан Республикасының Паралимпиада ойындарына жеңіл атлетикадан қатыстым. Сол жарыста мені қазіргі бапкерім Сергей Ведюшкин байқап қалған еді. Сол кезде өзінің командасына шақырып, пауэрлифтингпен айналысуды ұсынды. Мен де көп ойланбастан келісімімді бердім, өзімді де, бағымды да сынағым келді, — дейді өзі.

Осылай Ойылдың қызы Мұғалжардың Қандыағашынан бір шығады. Талай чемпион шыққан Мұғалжартопырағыжақтыма, «қолбасындай қыздан қорғасындай мінез» көре білген жаттықтырушының арқасы ма, әлде спортты сүйген жанның маңдай тері ме, мүмкін осының бәрінің бір нәтижесі болар, бүгінде Гүлім Құрманбаева ҚРчемпионы, пауэрлифтингтен халықаралық спорт шебері, паралимпиада ойындарының жеңімпазы, рекордсмен, қоғам белсендісі. Сайып келгенде, бұл — спортқа, өмірге деген махаббаттың арқасы. Үздіксіз дайындық пен қажыр-қайраттың нәтижесі. Маңдай тер мен мінсіз сенімнің жемісі. Әрине, әлем, Азия чемпионаттарында елдің атынан шығу әр спортшының арманы екені мәлім. Ал сол жарыстардан жүлдемен оралу мүлде бөлек сезім сыйлайтыны заңды да. Іштегі толқынысын жасыра алмай, елдің көк байрағы көтерілген сәттегі эмоциясымен бөліскен кейіпкеріміз кешегіөткен Азия ойындарында тіпті, көзіне жас алғанын да жасырмады.

Сол мезетте іштей «Аллаға шүкір, менөзмақсатымажеттім» деген сөздерді қайталай бердім. Өздеріңіз білетіндей, 4 жылда бір келетін Азия ойындарына қатысып келдім. Қарсыластарым осал болған жоқ, мықты дайындалған. Ойынөтетартыстыөтті. «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, көпшілік текжеңіске жеткеніңді ғана көреді, ал оның артында, бұл жолда қаншама еңбек пен дайындық, толқулар мен уайымдар жатқанын білмейді, — дейді Гүлім Жайбергенқызы.

Ол ертеңгі өмірінде спортпен байланыстырады, себебі спорттың тигізер пайдасы өте көп. Әсіресе, денсаулыққа пайдалы екенін тілгі тиек етті.

Спорттың тағы бір пайдасы — үнемі диетада жүреміз. Көп тамақты жей бермейміз, көп жерге бара бермейміз, себебі мен өз салмағымды ұстап тұруым қажет. Салауатты өмір салтын ұстанып өзімізді көп нәрседен тыйып жүреміз, — дейді Гүлім.

Чемпионның ендігімақсаты 2024 жылы Парижде өтетін паралимпиадаға қатысып, ел намысын абыроймен қорғап келу. Төрткүл дүние көз тігер олимпиадаға қатысу үшін алдымен лицензияға қол жеткізу керек. Ал ол лицензияны алу үшін екі үлкен старттан өту қажет. Оның біреуі Англия еліндегі Манчестерде, екіншісі Грузияда болады. Дәл қазір кезекті жарыстан кейін демалып жатқан спортшы жақын уақыт та дайындыққа кіріседі екен.

Мен тағдырластарымды түсінемін. Көп нәрседе шектеу бардай көрінеді. Бір нәрсені қолға алмақ түгілі, кейде көпшіліктің арасына барудың өзі қорқыныш туғызады. Бірақ бұл сезімді жеңе білу керек. Ник Вуйчич айтпақшы, «Өмірде шектеу жоқ»! Менің оған көзім жетті. Қазір менің әр күнім, әр сағатым жоспарланып тұр. Мақсатым айқын, қалауыма қол жеткізер мүмкіндігім барын да білемін. Сондықтан тағдырластарыма да «телефонда жата бермей, өз бақтарыңызды сынап көріңіздер, ештеңеден қорықпаңыздар, айналаға қараңыздар, адамдар арасына шығыңыздар, өз мақсаттарыңызға жету жолындағы қиындықтан қорықпау керек» дередім. Еңбастысы, уақытты босқа өткізбеу қажет. Өзімнің шыны керек, бос уақытым болмайды. Аптасына 5 рет 2 мезгілден жаттығуда боламын, — дейді ол.

Спорт пен келіндік өмірді қатар алып жүрген спортшы келіншек 2019 жылы өзімен тағдырлас Бағдат есімді шымкенттік азаматпен бас қосқан. Екеуінің махаббатына қызыға қарайтындар көп. Сұхбат барысында өзінің жолдасына алғысын айтып, сезімін де жасырмады.

Осы сәтті пайдаланаотырып, жолдасыма алғысымды білдіргім келеді. Неге десеңіз, мені үнемі дұғасына қосып отырады. Қашан дақолдап, қорғап, әрдайымқасымнан табыла білетін, маған деген сенімінің жоғары екенін үнемі дәлелдеп жүретін ең бірінші адам — осы жан. Мен үшін ең үлкен мотивация да осы кісі. Жолдасымның ауылына, Шымкентке жылына 1- 2 рет барып келеміз. Олар бізді ешқашан сынаған емес, керісінше, түсіністік танытып, амандығымызды тілеп, баталарын беріп отырады. Әрине, ол жаққа барғанда келіндік қызметімді атқарып жүремін. Бізге ең керегі, отбасының қолдауы. Артыңда отбасың тұрып, сенім білдіріп, үнемі қолдап отырса, талай биіктерге шығып, түрлі шыңдарды бағындырарымыз сөзсіз, — дейді Гүлім Құрманбаева.

Сергей ВЕДЮШКИН, жаттықтырушы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері: «2015 жылы Павлодар қаласында Паралимпиада болып жатты. Ол кезде Гүлім жеңіл атлетикадан бағын сынап жатқан еді. Көзіме оттай басылған оны бірден командама шақырдым. Ол да келісімін берді. Қыркүйек айында Гүліммен жұмысымызды бастадық.

Соданбері 8 жылөтті. 2016 жылыаз уақытта спорт шебері болып үлгерді. 2019 жылы ең алғашқы старты болып, Астанада өткен Әлем чемпионатында 11- орынды қанағат еттік. Негізі алғашқы жарысқа ол үлкен нәтиже еді. 2020 жылдың ақпан айында Манчестерде өткен Әлем кубогінде 1 орынды иеленді, 2021 жылы Грузия елінде өткен Әлем кубогінде II орын, 2022 жылы Оңтүстік Кореядан II орынды алып келген болатынбыз. Ал биыл өздеріңіз куә болғандай, 4 жылда бір болатын Азия чемпионатынан III орынды қанжығамызға байладық. Бұл — біз үшін өтеөте үлкен нәтиже, дәреже, көрсеткіш.

Гүлім өте мінезді келіншек, еңбекқор, ешқашан уақытын босқа өткізбейтін жандардың қатарынан. Оныңжақсынәтижекөрсетуінеықпалетіпжүргеноның жақындары, жанашыр достары деп ойлаймын. Гүлімнің ата-анасын да шаңырағыма шақырып, қонақ еткен болатынмын. Өте керемет жандар екен, Гүлім қандай болса, отбасы да сондай жақсы адамдар екеніне көзімжетті. Анасы үнемі оған тек алға деп мотивация беріп отырады. Жан-жары Бағдатты да жақсы танимын. Ең мықты қолдау сол жолдасынан. Екеуі үнемі күліп жүреді, негізі өмірді сүруді осы адамдардан үйрену керек, қандай жағдай болмасын, қандай мәселе болмасын, бір-бірін демеп отырады. Алдағы мақсатымыз, оны Гүлімнің өзі де айтқан болар – 2024 жылы Парижде өтетін Паралимпиадаға лицензия алу. Сол үшін жаттығуды күшейтудеміз. Гүлімнің әлі талай биік шыңдарды бағындыратынына сенімім мол. Себебі ол беріле салатын адам емес. Алдына мақсат қойса, соған жетпей қоймайды. Тағыбірайтакететінім, Мұғалжарауданыспортсаласы бойынша басқа аудандардың алдында келе жатыр десем қателеспеймін. Себебі біз көрсеткен нәтиже басқа аудандарда жоқ деуге болады. Алдағы уақытта осы нәтижені ұстап тұру — біздің міндетіміз, мықты спортшыларды дайындау — біздің жұмысымыз. Гүлім, Еламан, Нұртас, Жанарыс, Гүлнұр, тағы да қаншама спортшыларымыз бар, олар спортқа енді қадамбасқан балалар үшін үлкен мотивация. Балалардың спортшыларымыз жеткен жетістікке жетуге деген құлшынысы артуда. Біздің ауданда осындай нәтиже көрсеткен Галиб Жаппаровтан кейінгі екінші адам ол – Гүлім Құрманбаева.

Азия чемпионатынан кейін бізді Астана шақыртқан болатын. Сол кезде мен «Гүлім, қара, Сен Үкімет үйіндесің, бұл жерге кез келген адам кіре алмайды. Ал сен Ақордадасың. Министрдің қолын алып, Президенттің Алғыс хатына ие болдың! Сен — тарихсың» деген едім.

Айгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

КӨТІБАР БАТЫР БӘСЕНҰЛЫ МОНУМЕНТІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

admin_mugalzhar

№4 ҚАНДЫҒАШ ҚАЛАЛЫҚ МЕКТЕБІ ОБЛЫСТА ҮЗДІК АТАНДЫ

admin_mugalzhar

МАЛИКАНЫҢ МУЗЫКА ӘЛЕМІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.