«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

77 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

Бүгінде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды. Бұл туралы аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі хабарлады.

Осы уақытқа дейін Қарулы күштер қатарына, Ұлттық Ұланға, ҰҚК Шекара қызметіне, Мемлекеттік күзет қызметіне және Төтенше жағдайлар министрлігіне барлығы 77 мұғалжарлық азамат әскерге аттанған.

Әскер қатарына алынған жастар Алматы, Маңғыстау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында орналасқан әскери бөлімдерде Отан алдындағы борыштарын өтеуде. Әскерге шақыру жұмыстары желтоқсан айының аяғына дейін жүргізіледі. Қазіргі таңда Ұлттық Ұлан командаларын жасақтау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге әскери қызметтің беделі мен тартымдылығын арттыру мақсатында көптеген жеңілдіктер беріліп жатыр. Соның бірі — мерзімді қызметтегі сарбаздың несие төлеуін 13 айға кейінге қалдыруға мүмкіндігі. Сонымен бірге мерзімді әскери қызмет өтеген азаматтар 70-тен астам жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мекемелеріне ҰБТ-сыз оқуға түсе алады. Ал әскер қатарында өзін жақсы жағынан көрсеткен үздік сарбаздар жоғары оқу орындарының тегін оқу грантына ие болады, — деді аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы Азамат Байдосов.

Қазіргі уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке қою және шығару тұрғылықты жері өзгерген кезде автоматты түрде жүзеге асырылады екен. Сондай-ақ Мұғалжар ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен әскери борышын өтеп келген азаматтар келісімшарт бойынша Ақтөбе облысында орналасқан  әскери бөлімдерде қызмет атқара алады. Запастағы офицерлерге де заң негізінде 2 жыл мерзімде әскери бөлімдерде қызмет өткеруге мүмкіндік беріледі.

Осы жылы ауданнан запастағы төрт офицер және алты азамат келісімшарт бойынша Отанға қызмет етуде. Бұл азаматтардың барлығы қорғаныс министірлігіне тиесілі жеңілдіктермен қамтамасыз етілген, — деді Азамат Бердіғалиұлы.

Н.АБАТ

 

Ұқсас ақпараттар

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясын шақыру туралы

admin_mugalzhar

АТА ЗАҢ — ЕЛ ТІРЕГІ

admin_mugalzhar

ОНЛАЙН ОҚУ: ОҢТАЙЛАНЫП КЕЛЕДІ КЕЗЕКШІ ТОП:САҚТЫҚ ШАРАСЫ САҚТАЛУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.