«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Қандыағаш қаласында кіші футболдан Ауған соғысы және одан кейінгі жылдары қайтыс болған жауынгерлерді еске алуға арналған ашық аудандық турнир өтті.

Аудандық Ауған соғысы ардагерлері қоғамдық бірлестігі мен «Мұғалжар-Отан» өндірістік оқу орталығы ЖШС-нің бірлесіп ұйымдастыруымен өткен турнирге 10 команда қатысты.
Тартысты өткен ойындардың қорытындысы бойынша «Мешіт» командасы жеңімпаз атанды.«Фин-Люкс» командасы ІІ орынды иеленді. Үздік үштіктен «ВЧД» командасы көрінді.

Жеңімпаз бен жүлдегер атанған командалар кубокпен, медальдармен және дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ үздік деп танылған ойыншылар «Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік шабуылшы» номинацияларына ие болды.

Ұқсас ақпараттар

АТА-АНАЛАРМЕН БАЙЛАНЫС КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

admin_mugalzhar

СУБСИДИЯ ИГІЛІГІ – ШАРУАЛАРҒА

admin_mugalzhar

ШАҢҒЫ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.