«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

29 СТУДЕНТТІҢ ОҚУ АҚЫСЫ ТӨЛЕНДІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің 29 студенті оқу ақысына жеңілдік алды.
Студенттерге «Қазақойл-Ақтөбе» компаниясы тарапынан бір реттік оқу ақысына жеңілдік берілген сертификаттар табыс етілді.

Іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, «Қазақойл-Ақтөбе» компаниясының кадрлық және әлеуметтік мәселелер бойынша департамент директоры Асхат Өтегенов қатысты.

«Қазақойл-Ақтөбе» компаниясының кадрлық және әлеуметтік мәселелер бойынша департамент директоры Асхат Өтегенов Мұғалжар ауданы әкімдігімен әлеуметтік әріптестік серіктестік аясында Мұғалжар ауданынан шыққан студенттерге басымдық бергенін, оның ішінде әлеуметтік жағдай басты назарға алынғанын айтты.

Университеттің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Есбол Мұханбетқалиев университетте әлеуметтік жағдайына байланысты және белсенді, үздік оқитын студенттерге түрлі жеңілдіктер қарастырылғанын атап өтіп, жастарға қолдау танытқаны үшін аудан басшылығымен компания өкілдеріне алғысын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

АЭС құрылысы туралы сұрақтар мен жауаптар

admin_mugalzhar

Димаш Құдайберген Ресейде «Жылдың ең үздік әншісі» атанды

admin_mugalzhar

8342 ОҚУШЫ АРАЛАС ФОРМАТТА ОҚИДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.