«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АР НАМЫСЫМ, ҚАСІРЕТІМ, МАҚТАНЫШЫМ — ЖЕЛТОҚСАН

Мұғалжар аудандық-тарихи өлкетану музейінде бүгін «Ар намысым, қасіретім, мақтанышым – Желтоқсан» тақырыбындағы шара өтті.
Мемлекеттік Әнұранмен бастау алған шараның қонақтары оқиғаға қатысып, куәгер болған желтоқсаншылар болды. Олардың қатарында, Ажаргүл Жәнібекова, Гамзат Жолдасова, Әли Алтынбай, Дәурен Жақсығали және Жұмагүл Құрманалина бар.


Сонымен қатар шараға №4 Қандыағаш қалалық орта мектебінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Шарада арнайы тақырыпқа сай бейне материал көрсетіліп, оқушылар өз өнерлерін тарту етті. Сондай-ақ танымы мол кездесуде кеш қонақтары әңгімелерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа тәуелсіздік туралы сыр шертті.

Ұқсас ақпараттар

Балаларға арналған барлық мемлекеттік мекеме тексеріледі

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді

admin_mugalzhar

ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША АЗАМАТТАРДЫ ТЕГІН ДАЯРЛАУ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

admin_mugalzhar