«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

ӘНЕ-МІНЕ ДЕГЕНШЕ 2023 ЖЫЛ ДА АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ. СІЗ ҚОЛЫҢЫЗҒА АЛҒАН БҮГІНГІ ГАЗЕТ — «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ОСЫ ЖЫЛДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ҺӘМ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІ. ГАЗЕТ ҰЖЫМЫ ЖЫЛ БОЙЫ БАСЫЛЫМ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ, БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ, МАҚАЛАЛАР ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА АТСАЛЫСҚАН ӘР САЛА МАМАНДАРЫ МЕН ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ АРАСЫНДА «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ. ТАҢДАУ ЖАСАУДА ӨЗ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ(У. СОНЫМЕН РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ ИНСТА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҮЗДІК АТАҒАНДАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР.

«ЖЫЛ СПОРТШЫСЫ» аталымы

Еламан ҚОЙШЫБАЙ — аудан спортының абыройын асқақтатып жүрген жандардың бірі. Олсамбокүресінен түрлі жарыстарға қатысып, жүлдегерлер тұғырынан көрініп жүр. Атап айтатын болсақ, Армения мемлекетінің Ереван қаласында өткен Әлем чемпионатында самбо күресінен Азия және Океания чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сонымен бірге Белоруссия мемлекетінің Жлобин қаласында ТМД елдерінің II ойындары өтті. Осы жарыста Қазақстан құрама командасының сапында самбо күресінен 88 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз жүлдегер атанды. Осы жылдың шілде айында Еламан қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Ақтөбе облысының, намысын қорғады. Сонымен қатар Еламан «Ақтөбе Барысы» атағына ие болды.

Ұқсас ақпараттар

Ізімбет ауылы мен Ембі қаласын жалғайтын автомобиль жолын жөндеу жалғасуда

admin_mugalzhar

2023: АУДАН БЮДЖЕТІ БЕКІТІЛДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанның төрт қаласында ауаның жоғары ластануы күтіледі

admin_mugalzhar