«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

ӘНЕ-МІНЕ ДЕГЕНШЕ 2023 ЖЫЛ ДА АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ. СІЗ ҚОЛЫҢЫЗҒА АЛҒАН БҮГІНГІ ГАЗЕТ — «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ОСЫ ЖЫЛДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ҺӘМ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІ. ГАЗЕТ ҰЖЫМЫ ЖЫЛ БОЙЫ БАСЫЛЫМ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ, БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ, МАҚАЛАЛАР ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА АТСАЛЫСҚАН ӘР САЛА МАМАНДАРЫ МЕН ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ АРАСЫНДА «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ. ТАҢДАУ ЖАСАУДА ӨЗ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ(У. СОНЫМЕН РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ ИНСТА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҮЗДІК АТАҒАНДАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР.

«ЖЫЛ ЕРІКТІСІ» аталымы

Әлия УМАРОВА — аудандағы белсенді жастардың бірі. Ауданның мүмкіндігі шектеулі жандарымен жұмыс жасап, олардың дамуына, ашылуына, қоғамға қосылуына титтей де болса өз үлесін қосып, сол жолдағы жұмыстарды тыңғылықты іске асырып келе жатқан іскер жан. «Ақтөбе облыстық ерікті мүгедектер қоғамының Мұғалжар аудандық филиалы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы болып қызмет еткеніне 2 жылға жуық уақыт өткен оның жалпы осы қоғамдық бірлестікте жүргеніне биыл 8 жыл болған.

Бүгінде Әлия массаж жасаумен айналысады. Көбіне кішкентай балаларға және мүмкіндігі шектеулі балаларға тапсырыс түсетінін жеткізді. Ал ерекше санаттағы бала мен ересек адамды 50 пайыз жеңілдікпен қабылдайды. Алдағы уақытта мемлекеттен грант алудан да дәмелі. Өйткені, өзінің жоспары көп, идеясыда ерекше. Тіпті, бизнес-жоспарында жасап қойыпты. Әлия алдағы уақытта өз кәсібімен бірге, ерікті мүгедектер қоғамының жұмысында дамытуды мақсат етеді. Қоғамның өзі «мүмкіндігі шектеулі жан» деп статус берген ерекше жандардың дегенін жоғарыға жеткізіп, екі ортаға көпір болып, сол адамдардың бүгінгі қоғамда толыққанды өмір сүруіне барынша жағдай жасауға үлесін қосқысы келеді.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда 28 градусқа дейін күн жылынады

admin_mugalzhar

МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕШЕНДІ ӨЗГЕРУІНЕ БАҒЫТТАЛЫП ОТЫР

admin_mugalzhar

ҚУАНЫШ — ҚЫЗМЕТТЕГІ ЖОЛДАСЫМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.