«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

ӘНЕ-МІНЕ ДЕГЕНШЕ 2023 ЖЫЛ ДА АЯҚТАЛЫП ҚАЛДЫ. СІЗ ҚОЛЫҢЫЗҒА АЛҒАН БҮГІНГІ ГАЗЕТ — «МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ОСЫ ЖЫЛДАҒЫ ҚОРЫТЫНДЫ ҺӘМ МЕРЕКЕЛІК НӨМІРІ. ГАЗЕТ ҰЖЫМЫ ЖЫЛ БОЙЫ БАСЫЛЫМ БЕТІНДЕ ЖАРИЯЛАНҒАН КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ, БЕЛСЕНДІ ОҚЫРМАНДАРДЫҢ, МАҚАЛАЛАР ДАЙЫНДАУ БАРЫСЫНДА АТСАЛЫСҚАН ӘР САЛА МАМАНДАРЫ МЕН ҚАЛА ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ АРАСЫНДА «ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІН» АНЫҚТАДЫ. ТАҢДАУ ЖАСАУДА ӨЗ ОҚЫРМАНДАРЫНЫҢ КӨМЕГІНЕ ЖҮГІНДІ(У. СОНЫМЕН РЕДАКЦИЯ ҰЖЫМЫ ЖӘНЕ ИНСТА ОҚЫРМАНДАРДЫҢ ДАУЫС БЕРУ НӘТИЖЕСІНДЕ ҮЗДІК АТАҒАНДАРМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР.

«ЖЫЛ ОҚЫРМАНЫ» аталымы

Мәрия ҚҰЛЖАНОВА – «Мұғалжар» газетінің тұрақты оқырманы. Сонымен бірге чемпион Еламан Қойшыбайдың  әжесі. Ол немересінің әр жүлдесін сүйіншілеп жазатын газетті оқып, жинап жүруді әдетке айналдырған. 86 жастағы Мәрия әже бұрынғы Темір қаласында дүниеге келген. 10 жылдық мектепті аяқтап, 1957 жылы өзінің жерлесі Қойшыбай Құлжанов есімді азаматқа тұрмысқа шығады. Сол жылы Қандыағаш қаласына қоныс аударып, жылдар желісінде бес баланы өмірге әкеліп, отағасы екеуі адал еңбек етіп, тату-тәтті күн кешеді. МәрияҚұлжановаең алғаш еңбек жолын поштада бастаған. Әйтсе де, оқырманымыздың газеттен де ауылы алыс емес. — Газет, кітап атаулыны бала кезімізден көп оқыдық. Ол кездері кітап оқимайтын, қолынагазет ұстамаған адам болмаған шығар, сірә. Өзімнің еңбек жолым да газетпен тығыз байланыста болды. Себебі, поштада жаяу жүріп, қысы-жазы газет-журнал тарататын едім, — деді оқырман әже.

Ұқсас ақпараттар

Биыл қанша күн демалыс бар?

admin_mugalzhar

Премьер-министр Әлихан Смайылов азық-түлік бағасының өсуіне байланысты әкімдерге ескерту жасады

admin_mugalzhar

Ораза қандай жағдайда бұзылады?

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.