«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АҒАДАН АҚЫЛ ҚОЙЫЛЫМЫ САХНАЛАНДЫ

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің ұсынысы бойынша «Парасат» ақпараттық оңалту орталығының сценариі негізінде жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі рухани-имандылық діни құндылықтармен қатар ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Ақыл ағадан» атты қойылым өтті.

Қойылым бүгінгі күні әлем бойынша өткір мәселеге айналып отырған діни радикалды топтарға қарсы күреске бағытталған.

Спектакльдің айтпағы — жастар болсын, үлкендер болсын, халқымыздың дәстүрлі діни ұстанымдарынан ауытқытатын жат ағымдарға бой алдырмаса екен, азғырушы топтардың арбауына түспесе екен деп сақтандыру. Қойылым үлкенге де, кішіге де ой саларлық.

Дәстүрлі дінмен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау мақсатында аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған қойылымның берері мол.

Ұқсас ақпараттар

АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ЖҰМЫСШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

МҰҚТАЖ ЖАНДАР ТАЛАБЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

admin_mugalzhar

ЖАС ПАЛУАНДАР ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.