«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ШЫРША БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ

Аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы аудандық педагогикалық-психологиялық кабинетінде ерекше жағдайдағы балалардың қатысуымен өтті.
Аудандық педагогикалық-психологиялық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік іс-шараға қатысқан аудан әкімі Д. Ермағанбетов пен аудандық мәслихат төрағасы Б.Кадралин ата-аналарды және балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Іс-шара барысында ән шырқалып, шараға қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, түрлі сыйлықтарға ие болды. Шыршаны айнала билеген бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Іс-шара соңында балаларына қызықты Жаңа жылдық шырша ұйымдастырған ұйымдастырушыларға ата-аналар тарапынан алғыстар айтылды.

Ұқсас ақпараттар

ОБЛЫС БАСШЫСЫ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

admin_mugalzhar

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АЯУЛЫМДЫ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ КҮТІП АЛДЫ

admin_mugalzhar

Ораза кезінде иммунитет төмендеп кетпеу үшін не істеу керек? Маман айтты

admin_mugalzhar