«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫЗЫЛША: 3065 БАЛА ЕКПЕМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Елімізде қызылша дерті дендеп барады. Жаңа жылдың басынан бері аталған дертті ел бойынша 1500-нан астам адам жұқтырған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің сөзіне сүйенсек, өткен жылы қызылшамен 30 мыңнан астам адам ауырған. Оның 80 пайызы — 14 жасқа дейінгі балалар. Қызылша жұқтырғандардың көбісі Абай, Ақмола, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Астана және Алматы қалаларының тұрғындары. Ақтөбелік эпидемиологиялық дәрігерлер облыста жағдайдың бақылауда тұрғанын айтып, бүгінде ахуалдың тұрақты екенін жеткізді. Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау аясында 35,6 мыңнан астам ақтөбелік екпе алған. Дегенмен, ресми деректерге сүйенсек, өңірде жалпы саны 2200 адам осы дерттің қармағына іліккен. Науқастардың 84%-дан астамы – қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар. Ал Мұғалжар ауданында эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Бүгінде қосымша жаппай иммундау жұмыстары жүргізілуде. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ерлан Мұратов осы уақытқа дейін қосымша жаппай иммундау аясында 6-10 ай 29 күн және 2-4 жас аралығындағы 3065 бала қызылшаға қарсы екпемен қамтылғанын мәлімдеді. — Аудан бойынша осы уақытқа дейін қызылша ауруының 671 күдікті жағдайы тіркелді. Оның ішінде — 494-і 14 жасқа дейінгі балалар, 43-і жасөспірімдер, 134-і ересектер. Ал зертханалық жолмен расталғаны – 306 жағдай. Оның 18-і есептен шығарылып, 79-ы клиникалық белгілерімен расталды. Бір айта кететін жайт, қызылша жұқтыр-ғандардың ішінде жартысынан көбі екпе алмағандар. Екпеден бас тарт-қандармен түсіндірме жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Санитарлық дәрігерлер аудан әкімдігінің мамандарымен бірлесіп, мектеп, балабақша секілді әлеуметтік нысандарды аралап, екпенің маңыздылығы жөнінде кездесулер ұйымдастыруда. Осындайжұмыстардыңнәтижесінде екпеден бас тартқан 22 балаға екпе салынды, — деді ауданның бас санитариялық дәрігері Ерлан Бүркітұлы.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ТАЗАЛЫҒЫ: НИЕТ және МІНДЕТ

admin_mugalzhar

ҚАҢҒЫБАС ИТТЕР – ҚАУІПТІ

admin_mugalzhar

Мұрат Жөребеков Ақтөбе қаласының әкімі болып тағайындалды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.