«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

Аудандық мәдениет үйінде аудандағы мәдениет мекемелерінің 2023 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының есеп беру жиналысы өтті.
Қорытынды жиналысқа аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Сәуле Хамзина, әдіскерлер, бас есепшілер, директорлар, меңгерушілер, көркемдік жетекшілер және кітапханашылар қатысты.
Жиын барысында аудандық мәдениет үйінің директоры А.Сматовтың, Ембі қалалық мәдени орталық әдіскері Н.Қонақованың, Жем қалалық мәдениет үйінің әдіскері А.Жалиманованың, Ақкемер ауылдық мәдениет үйінің директоры М.Көмекбаеваның, Жаңатұрмыс ауылдық клуб меңгерушісі А.Гайнутдинованың, Құмжарған ауылдық клуб меңгерушісі С.Бралиннің және кітапхана мекемелерінің өткен жылы атқарған мәдени-көпшілік шараларының есебі тыңдалды.
Шара соңында бөлім басшысы 2023 жылдың қорытындысы бойынша қажырлы еңбек етіп, аудан мәдениетінің дамуына ерекше үлес қосқан бірқатар мәдениет қызметкерлеріне алғыс білдіріп, марапаттады. Сонымен қатар ауданның өнері мен мәдениетінің кемелденіп, гүлденуіне саналы ғұмырын арнаған аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері К.Абилованы, Т.Тоқаеваны, Ғ.Еркінбекованы құрметті зейнеткерлік демалысына сән-салтанатпен шығарып салды.

Ұқсас ақпараттар

70 ақтөбелік «Ақтөбе жастары» бағдарламасы арқылы баспаналы болды

admin_mugalzhar

Ақтөбеге Астана қаласынан гуманитарлық көмек келді

admin_mugalzhar

Еліміздің әр түкпірінде жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 өндіріс орны іске қосылды – Тоқаев

admin_mugalzhar