«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша ер балалар жиналысы өтті.
Жиналысқа аудандық білім бөлімі басшысы Аманжол Бахраман, аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бекжан Данияр қатысты.

9-11 класс оқушылары қатысқан кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттыру, олардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Кездесуде жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандардың бірін-бірі бопсалау, тонау, топтасып төбелесу деректерін болдырмау, білім мекемелеріне ұшты-кескіш заттарды алып келуге тыйым салу жолдары айтылды.

Оқушыларға олардың құқықтары, ата-аналарының құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар, жасөспірімдердің әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктері түсіндірілді.
Бұл бағыттағы ақпараттық түсіндіру жұмыстары ауданның барлық білім ұйымдарында жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанның үш қаласында 5G желісі іске қосылады

admin_mugalzhar

ЖОЛ ҚАТЫНАСЫ ҚАЛЫПҚА КЕЛТІРІЛДІ

admin_mugalzhar

МЕКТЕПКЕ 1121 ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

admin_mugalzhar