«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕКТЕПКЕ 1121 ОҚУШЫ ҚАБЫЛДАНАДЫ

Аудан бойынша 2023-2024 оқу жылында 1-сыныпқа 1121 оқушыны қабылдау жоспарланып отыр.

Бұл туралы айтқан аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі  Жандос Байтақов 1 сәуірден бастап 1-сынып-қа баратын оқушылардың құжаттарын қабылдау басталғанын хабарлады.

Бүгінде құжаттарды қабылдау www.egov.kz сайтында жүргізілуде. Ол үшін ата-ананың электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) қажет.

— Бірінші сыныпқа баратын оқушының ата-анасы мектепке өтініш беру үшін жоғарыда аталған сайтқа кіріп, өтініш толтырып, тиісті келесі құжаттардың сканерленген көшірмелерін тіркеу керек. Ол жерде баланың туу туралы куәлігі, 026/у-3 үлгісі бойынша «Баланың денсаулық құжаты», 065/у үлгісі бойынша баланың денсаулығы жөніндегі құжаттар, баланың 3х4 см өлшеміндегі фотосурет қажет болады. Қазіргі таңда ата-аналарға хабарландыру жұмыстары жүргізілуде, деді Жандос Байтақов.

Сонымен бірге биылғы оқу жылында мектепті 511 түлек бітіреді. Оның 26-сы «Алтын белгіге», 48-і «Үздік аттестатқа» үміткер.

 

Ұқсас ақпараттар

Биыл облыста 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

admin_mugalzhar

Қазақстанда дәрігерлер қанша жалақы алады?

admin_mugalzhar

171 актюбинец нуждается в пересадке органов

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.