«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстанда тауарлар мен қызметтерге ақы төлеудің жаңа жүйесі: іске қосу мерзімі аталды

Қазақстандықтар бір банктің QR-коды арқылы екінші банк қосымшасында немесе құрылғысында төлем жасай алады. Тиісті төлем жүйесін биыл енгізу жоспарланған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәліметінше, QR-код бойынша төлем қызметі қазір бірнеше банкте қолжетімді.

«2024 жылдың аяғында QR-код арқылы банкаралық төлемдерді жүзеге асыру қызметін іске қосу жоспарланған», — делінген Ұлттық банктің Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Баспасөз қызметі жаңа жүйе енгізілгеннен кейін азаматтар бір банк қосымшасынан екінші банк қосымшасы/құрылғысы арқылы QR төлемдерін жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болатынын түсіндірді.

Еске салайық, Қазақстанда 2021 жылы біртұтас QR-код жүйесіне көшу жоспарланып жатқаны айтыла бастаған болатын. Содан кейін, Сауда және интеграция министрлігі мәліметі бойынша, QR-кодтарын стандарттау жұмыстары басталған, осылайша клиенттер сатып алу ақысын қазақстандық барлық банктермен жұмыс істейтін бір терминал арқылы төлей алады.

Ұқсас ақпараттар

2727 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ТЕКСЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған «Қадам Life» жобасы басталды

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзі

admin_mugalzhar