«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында оқушыларға кәсіби бағдар беруге арналған «Қадам Life» жобасы басталды

Елімізде биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланды. Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Ақтөбеде қала мен облыс мектептерінің оқушыларын кәсіптік бағдарлауға бағытталған «Қадам Life» жаңа жобасы басталды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Жобаның негізгі мақсаты – жұмысшы мамандықтармен таныстыру, практикалық дағдыларын дамыту және мамандық таңдауда дұрыс шешім табуға көмектесу.

Жоба бойынша колледж оқытушылары мектептерде түрлі мамандықтар бойынша көрсету сабақтарын өткізеді. Оқушылар колледждерде қолданылатын жабдықтар және оқу материалдарымен танысып, сондай-ақ түрлі салалардың тәжірибелі мамандары өткізетін шеберлік кластастар және кездесулерге қатыса алады.

Бағдарламаның тиімділігін қамтамасыз ету үшін оқушылар арасында алдын ала сауалнама жүргізіледі. Бұл ұйымдастырушыларға оқушылардың мүдделері мен қажеттіліктерін түсінуге, сабақтардың мазмұнын олардың сұраныстарына бейімдеуге мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысы Білім басқармасының орынбасары Дина Жаманбаеваның айтуынша, «Қадам Life» жобасы мектеп оқушыларына жұмысшы мамандықтарына қызығушылық танытып, практикалық дағдыларды игеруге және мектептер мен колледждер арасында байланыс орнатуға көмектеседі.    Жоба 93 мамандық, 137 біліктілік бойынша 250 мектеп пен 10 мыңға жуық оқушыны қамтиды. Сонымен қатар, облыстың шалғайдағы ауылдарында да кәсіптік бағдарлау іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.

Бүгін қаламыздағы Жоғарғы политехникалық колледжінің оқытушылары №39 мектеп-лицей оқушыларына кәсіби бағдар беру шарасын өткізді. Колледж негізінен техникалық мамандықтарды оқытуға басымдық береді, сондықтан оқушыларға түрлі техникалық құрал-жабдықтардың қолдану процесі көрсетілді. Оқушылар өздері қызықтыратын сауалдарға жауап алып, оқуға қабылдану жағдайлары туралы сұрап білді.

Ұқсас ақпараттар

МАМАНДЫҚТЫ ТАҢДАУ — МЕКТЕП ЖАСЫНАН

admin_mugalzhar

Үкімет Халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірледі

admin_mugalzhar

СӘКЕН АЛДАШБАЕВ: САЛТ-ДӘСТҮР МЕН ЫРЫМ-ТЫЙЫМНЫҢ АРА-ЖІГІН АЖЫРАТА БІЛУ ҚАЖЕТ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.