«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында биыл 25 балабақша ашылады

Ақтөбе облысында 2024 жылдың соңына дейін 2500 орындық 25 жаңа балабақша ашу жоспарлануда, — деп хабарлайды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, 2023 жылы облыста 31 жаңа балабақша ашылды, онда 3,1 мыңнан астам орынға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.

Нәтижесінде 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 89,8%, 2 жастан 6 жасқа дейін – 93,1% құрады.

Есепті кезеңде 177 балабақшаның материалдық-техникалық базасы жаңартылды, биыл 140 балабақшаны жабдықтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, Білім басқармасының мәлімдеуінше, әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 6 000 бала 1 қыркүйектен бастап балабақшаларда тегін тамақпен қамтамасыз етілетінін хабарлады.

Ұқсас ақпараттар

ҮЗДІК АНЫҚТАУШЫ — МҰҒАЛЖАРДА!

admin_mugalzhar

Праймериз: Дауыс беру ертеңгі сағат 14:00-ге дейін жалғасады

admin_mugalzhar

Су тасқыны орын алған кезден бастап 45 мыңға жуық бала эвакуацияланды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.