«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ІЗТАЙ МӘМБЕТОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Қазақтың көрнекті ақыны, журналист, аудармашы Ізтай Мәмбетовтың 95 жылдығы ауыл кітапханаларында аталып өтті.
Құмсай ауылдық кітапханасының қызметкерлері ақынның 95 жылдығына орай «Ізтайдың өшпес іздері» атты поэтикалық марафон өткізді. Аталған шараға мектеп оқушылары қатысты. Шараның мақсаты — ақынның шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным-біліктерін шыңдау, ой-өрісін арттыру. Шара барысында ақынның «Ырғыз жағасында», «Анама», «Жол ұзақ» өлендері оқылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ал Егіндібұлақ ауылдық кітапханасында «Өлеңіндей өшпес ізді — Із-аға» атты әдеби батл өтті. Әдеби батл алаңында оқушылар ақынның «Қаракөздер», «Мәмбетовтер», «Мен туыппын ақпандатқан боранда» атты өлеңдерін оқыды. Өлең оқығандар арасында ерекше көзге түскен Әміржан Әзілхан мен Хан Есенбекке естелік сыйлықтар табысталды. Іс-шара соңында «Табанталдан шыққан талант» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге оқушылар ақынның жыр жинақтары «Тұңғыш», «Бақытты балалық», «Сыр», «Тарланбоз» шығармаларымен танысты.

Ұқсас ақпараттар

Кімдер зейнетке ерте шығады?

admin_mugalzhar

СЕНАТ ДЕПУТАТТАРЫ ТЕМІРЖОЛШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

admin_mugalzhar

ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.