«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕҢБЕК АДАМЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ — БАСТЫ МІНДЕТ

Аудан әкімдігінде аудан әкімі Дархан Ермағанбетовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатыныстарын реттейтін үшжақты комиссияның кезектен тыс отырысы өтті. Отырысқа үшжақты комиссияның тұрақты мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде аудан аймағында орналасқан кәсіпорындармен мекемелердің жұмысшыларға еңбекақыларын уақытылы төлеу, әлеуметтік-еңбек жанжалдарының және аудан кәсіпорындарында жұмысшылардың жұмыстан босатылуының алдын алу, еңбек ұжымдарында жайлы әлеуметтік ахуал орнату жөніндегі еңбек заңнамаларының орындалу мәселесі қаралды.

Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Талғат Искарин аудандағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

Отырыста аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшылары мен мамандарының ұжымдарда атқарылып жатқан жұмыстарының есептерін тыңдады. Аудан басшысы жауапты басшыларға нақты тапсырмалар беріп, жұмыс жүйесін жандандырып, мекеме жұмысшыларына қажетті қолайлы жағдайларды жасауды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

ЕЛГЕ АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУ — ӘРКІМГЕ МІНДЕТ

admin_mugalzhar

Шымкент пен Ақтөбе «сары» аймаққа ауысты

admin_mugalzhar

Қазақстандық оқушылар үшін жазғы мектептер ашылады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.