«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында қанша күн тіркеусіз жүре алады?

Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші ел аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартады. Бұл туралы Мәжілістің Telegram арнасында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.  сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«Бүгін жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары 2000 жылғы 7 шілдедегі екі ел Үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады», делінген хабарламада.

Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында жасалды. Жаңа құжат қос мемлекет азаматтарының бір-бірінің аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді және бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың, іскерлік және мәдени тәжірибе алмасудың одан әрі дамуына оң әсер ететін болады.

Ұқсас ақпараттар

Полиция мопедтерді тіркеуге қатысты мәлімдеме жасады

admin_mugalzhar

Қазақстанда 13 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істеп жүр

admin_mugalzhar

ТУҒАН КҮНІНДЕ ДАУЫС БЕРДІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.