«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мұғалжар аудандық «Мансап» орталығында ҚР Әлеуметтік Кодексін жүзеге асыру аясында бос жұмыс орындарының электронды еңбек биржасында жариялануы және жұмысқа орналастырылған азаматтармен электронды еңбек шартын жасау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Кездесу барысында еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері, еңбек шартын жасасу тәртібі, еңбек тәртіптемесі, ауысымдық жұмыстың ерекшеліктері, жұмыс беруші тарапынан болатын кепілдіктер мен өтемақы төлемдері, жеке еңбек дауларын қарау сияқты өзекті мәселелер туралы айтылды.
Жиын соңында жеке кәсіпкерлер өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, оларға толыққанды жауаптарын алды. Сонымен қатар олар бұл кездесудің пайдалы болғанын, алдағы уақытта да осындай кездесулер өткізіп тұруға қызығушылық танытатындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Инфрақұрылым, заң үстемдігі және адами капитал: Президенттің ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

admin_mugalzhar

Мемлекеттік қызметшілерге сыйақы беру туралы

admin_mugalzhar

Қазақстанда жол-құрылыс маусымы басталды

admin_mugalzhar