«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«Қарызсыз қоғам»: 8 мың ақтөбелік оқытылады

Облыста 5 ақпаннан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасы жүзеге асырыла бастады. Жыл аяғына дейін өңір бойынша 8 мың адам тегін курстан өтіп, қаржылық сауаттылығын арттырады. Бұл туралы кеше Amanat партиясының облыстық филиалында өткен жиында айтылды, — деп жазды «Ақтөбе» газетіне сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуов банктер мен қаржы институттарының өкілдерімен, сондай-ақ жоба менторларымен кездесіп, оларға жоба аясында нәтижелі жұмыс жасауды тапсырды.

— «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты — азаматтарға қаржылық және құқықтық көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтардың банктік несиелер мен шағын несиелер бойынша проблемалық қарыздарын шешуге көмектесу. Бұл жоба шеңберінде алдағы уақытта екінші деңгейлі банктерге барып, кездесулер өткіземіз. Сондай-ақ курстарға қатысып жатқан тұрғындармен де тілдесеміз. Қазіргі таңда облыс бойынша қарызға батқан, несиесі көп азаматтардың жағдайына байланысты мониторинг жүргізіліп жатыр. Егер біз аталған курстар сапалы әрі нәтижелі жүргізетін болсақ, өңірімізде қарызы көп тұрғындардың саны азаяды. Курстарға аудандар мен Ақтөбе қаласынан қатысушыларға жалпы саны бес ментор дәріс беріп, қаржылық сауаттылық бойынша дәрістер жүргізетін болады,— деді Ғ.Елеуов.

Кеше Ақтөбе қаласы бойынша үш топта оқыту курстары басталды. Оларға арнайы оқытудан өткен менторлар дәріс береді. Бүгінде облыс бойынша оқыту кестелері әзірленді.Кестеге сәйкес Ақтөбе қаласында — 3650, ал аудандарда 4350 адам қаржылық сауаттылығын арттыру керек.

Жоба сарапшысы, ментор Жанар Балғабаеваның айтуынша, жобаға қатысушылар бес күн бойы теориялық білім алады. Сондай-ақ жеке сауалдары бойынша оларға менторлар мен заңгерлер тегін кеңес береді.

— Биыл жыл соңына дейін облыста 8 мың адамды оқыту жоспарда бар. Биыл бұл жоба еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылады. Бүгіннен бастап біз Ақтөбе қаласы бойынша оқыту курстарын бастап жатырмыз. Негізінен, қала бойынша оқыту курстары «Анаға тағзым» орталығында өтеді. Сондай-ақ сарапшылар мобильді топ құрып, аудандарға барады, банктерді аралап, тұрғындардың жеке сауалдарына жауап береді. Жыл аяғында жобаға қатысушыларға сертификаттар беріледі, — дейді ол.

Айта кету керек, «Қарызсыз қоғам» пилоттық жобасы былтыр облысымызда мамыр-желтоқсанайлары аралығында жүзеге асырылды. Осы мерзім ішінде облыс бойынша

6054 адам курстан өтті.

Негізінен, бұл жобаға жасы 18-ден асқан, несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған өңір тұрғындары қатыса алады.

Ұқсас ақпараттар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

admin_mugalzhar

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,8 млн гектар жерге егіледі

admin_mugalzhar

QazCovid-in вакцинасының бірінші партиясы сәуірде шығады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.