«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты – Бабалар аманаты» республикалық форумы өтті

Форум ауқымды жобаға қатысушыларды, жастарды, ірі шаруашылықтар, мемлекеттік органдардың басшыларын, аудандар мен ауылдық округтердің әкімдерін, барлығы 1000 адамның басын қосты.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов форумға қатысушыларды құттықтап, Ақтөбе облысының Қазақстанда алғаш болып іске асырған бұл жобасы ауылдың дамуына, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге, өңір тұрғындарының жұмыс орындары мен табыстарын ұлғайтуға ықпал ете отырып, ел экономикасының жаңа қозғаушы күші болатынын атап өтті.

Өңір басшысы «Ауыл аманатына» үлкен үміт артып, жоба халықтың ауылдардан қалаға үдере көшуі сияқты күрделі мәселені шешеді деп есептейді.

💬 «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің алғашқы Жарлығында ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға ерекше назар аудара отырып, ауылдарды дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.
Біздің өңір халқының 25,5%-ы немесе 236 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. Соңғы 4 жылда ауыл халқының саны 7,1%-ға азайып, 18 мың адамды құрады. Көші-қон ағымында еңбекке қабілетті жастардың үлесі басым. Осы себепті біз ауылдық елдімекендерді дамытудағы практикалық іс-қимылдарға көшуіміз керек.
Былтыр елімізде алғаш рет «Ауыл аманаты» жобасы  Ақтөбе облысында бастау алды. Біз ауылдың мәселелерін шешпей, қала мәселелерін шеше алмаймыз», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет өңірдің барлық 134 ауылдық округіне скрининг жүргізілді, әрбір округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленді, жұмыссыз адамдардың, АӘК алушылардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімдері жасалды. Халықтың бұл санаттары ерекше назар аударады.

«Ауыл аманатын» іске асыру арқылы жобаға қатысатын ауылдардағы жұмыссыздық деңгейін 41,4%-ға, атаулы әлеуметтік көмек алушыларды 49,3%-ға төмендетеді. Отбасының орташа табысы 2 есе артады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ, «Ақтөбе» газеті.

Ұқсас ақпараттар

АУЫЛДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЕСЕП БЕРДІ

admin_mugalzhar

Қазақстанда жастар туралы жаңа заң күшіне енді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.