«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖОЛДА ҚАЛҒАН ЖОЛАУШЫЛАРҒА ЫСТЫҚ ТАМАҚ ТАРАТЫЛДЫ

Ақтөбе облысының бірқатар аймақтарында қарлы-боран салдарынан республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылған болатын.

Мұғалжар ауданының әкімдігі мен Қандыағаш қаласының кәсіпкерлері тарапынан «Ақтөбе-Атырау» тас жолында қалған азаматтарды құтқару, жүргізушілер мен жолаушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстары жүргізілуде.

Қандыағаш қаласының маңында тұрған жүк көліктері мен жеңіл көліктердегі жолаушыларға «Алтын орман» мейрамхансы мен «ИП Айжан» ыстық тамақтар мен ыстық сусындар таратты. Жолда қалған әрбір көлікке ас жеткізіп беріп жатқан азаматтарға жолаушылар өз тараптарынан алғыстарын білдірді.

Ұқсас ақпараттар

Спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын бір ауыздан қолдады

admin_mugalzhar

Су басып қалған ауданнан өз бетінше қалай шыққан жөн?

admin_mugalzhar

Қазақстандықтар маусым айында қай елдерге ұша алатыны белгілі болды

admin_mugalzhar