«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ҚЫС-2024: ҚАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АУЫЛ?

Бұл материал екі апта дайындалды. Дұрысы, екі апта жауап күттік. Ақпанның басындағы боранның алдында «Ауыларалық және ауылішілік жолды қардан аршуды кім өз жауапкершілігіне алды?» деген сұраққа ауыл әкімдері бірауыздан мемлекеттік сатып алу порталында конкурс жарияланғанын, жауабын күту керектігін, әзірге демеушілік арқылы жұмыстанып жатқанын жеткізді. Одан кейін ақтүтек боран басталып, есті шығарды. Жол жабылды, жарық сөнді, тұрғындар дабыл қақты. Газеттің әлеуметтік желісіндегі дайректке келген хат та, түскен қоңырау да аз болмады. Біз ауыл әкімдеріне қайта шықтық. Тағы да жоғарыдағы жауапты алдық… Боран басылды, ес жиып, жан-жағымызға қарадық. Енді қары үйілген жолды кім аршиды? Конкурс ойнатылды ма? Кім алды? Бұл мақсатқа қанша қаражат бөлінді? Сөйтсек… ауданға қарасты ауылдардың басымы әлі де демеушіліктің демеуімен отыр екен. Конкурсқа қарайлап жүргенде қыс бітетін түрі бар… Сол себепті ауыл әкімдері барынша демеуші тауып немесе уақытша келісімшартқа отырып, мәселені шешуге тырысуда.

Ақ түтек боран күндері әлеуметтік желілерде құмсайлықтардың жолда қалғаны таспаланған бейнежазбалар желдей есті. Бейнежазбада вахталық әдіспен жұмыс жасайтын жұмысшылар ауылдарына жете алмай, жолда қалғандарын айтып, дабыл қақты. Құмсай ауылы округінің әкімі Нағымет Сатаев бұл оқиғаның себебін дауылды ескертуге қарамастан жолаушылардың жолға шығып кеткенімен түсіндірді.

Боран күні ауылда жарық тасөнді, жол қатынасы да қиындады. Аудан орталығымен екі ортадағы және ауыларалық жолдарды тазартуға, жарықты қалпына келтіруге аудан әкімдігінен көмек келді. Жалпы қыста жолды тазартуға бюджеттен 17 млн 42 мың теңге бөлінді. Аталған қаржы Құмсай-Бұлақты және Құмсай-Ащысай жолдарын тазартуға жұмсалады. Бүгінде ауыл жолдарын «Қайыңды бұлақ» ШҚ-ның иесі Қайыржан Даркулов тазартуды. Осы азаматпен қазіргі уақытта 2 ай мерзімге келісімшартқа отырдық. Келісім-шарт бойынша әзірге 4 млн 200 мың теңгеге жол тазарту жұмыстары атқарылуда, — деді ауыл әкімі.

«Ақтөбе — Қандыағаш» тас жолының бойында орналасқан Ақкемер ауылдық округінің жолдарын қардан тазалауға бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу порталында хабарландыру берілген. Бірақ түрлі себептерге байланысты конкурстан ұтқан адам жоқ.

Себебі өнім берушілердің конкурстық құжаттамаларызаңнамағасайкелмеген. Бұл туралы ауыл әкімі Дамир Қожаниязов айтты. Оның сөзінше, Ақкемер, Елек, Көтібар батыр және Көктөбе ауылдарының автокөлік жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 2023 жылдың желтоқсан айынан бері мемлекеттік сатып алу бойынша екі мәрте ашық хабарландыру берілген.

Конкурсқа қатысқан мекемелердің материалдық және еңбек ресурстарының жеткіліксіздігі болды. Сол себепті өтінімдер қайтарылды. Алайда, жыл басынан бері демеушілік көмекпен «KAСтройрем» ЖШС-нің басшысы Жасұлан Даиров елді мекендерде қар ашу жұмыстарын жүргізіп келеді. Өз атымнан және ауыл тұрғындарының атынан осы кісіге алғысымды білдіремін, — деді ауыл әкімі.

Аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан Жұрын ауылдық округінің елді мекендерінің жолдарын күтіп ұстауды екі мердігер мекеме өз жауапкершілігіне алған. Жұрын ауылының ішкі жолдарын күтіп ұстауды мемлекеттік сатып алу бойынша жеке кәсіпкер Ардақ Абданбаев жеңіп алған. Ауыл әкімі Рамазан Үргенішбаев аталған мердігер мекеменің иелігінде қар тазалауға қажетті арнайы техникалардың бар екенін айтты.

Бүгінде Жұрын ауылының жолдарын тазалау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Ал округке қарасты Көлденең-Темір, Көбелей, Разъезд-53 елді мекендерінің жолдарын Жексенбай Бисенғалиев есімді жеке кәсіпкер тазартады. Жыл басталғалы бірнеше мәрте, бораннан кейін тұрақты түрде тазартып тұрады, — деді ол.

Ал Еңбек ауылдық округінің әкімі Аманбай Каюпов жыл басынан бері екі мәрте сатып алу бойынша конкурс ойнатылғанын жеткізді. Бүгінде конкурс аяқталған, бірақ құжаттар заңнамаға сәйкес әлі қаралуда екен. Оның сөзінше, осы уақытқа дейін округ аумағындағы жолды «Realls» және «Uniserv» ЖШСтері демеушілікпен тазартып отырған.

Ауданнан шалғай тау етегінде орналасқан Мұғалжар ауылының қысы қатты. Ауыл әкімі Әлімжан Қорғанбай қардың қалыңдығы соншалық, тұрғын үйлердің аулаларын жауып жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, ауылішілік жолдарды тазартуға бюджеттен 3 млн 500 мың теңге бөлінген. Бірақ бірнеше мәрте мемлекеттік сатып алу порталына хабарландыру берілсе де, конкурсқа қатысуға ниетті адамдар болмаған.

Бөлініп тұрған қаржының көлемі аз болғандықтан болар, біз жариялаған хабарландыруларға ешкім қатыспады. Бүгінде ауыл жолдары демеушілікпен тазартылуда. Ауылда орналасқан кәсіпорын басшыларымен келісіп, күн сайын тазартып отырмыз. Ал ауыларалық жолдарды «ҚазАвтоЖол» мекемесі тазартады, — деді ауыл әкімі.

Шалғайда орналасқан ауылдық округтердің бірі — Егіндібұлақ ауылдық округі. Ауылдық округ әкімдігінің бас маманы Ләйла Мұсаевадан білгеніміз, 2024 жылға жолдарды қардан тазалауға конкурс екі рет жарияланған. Бірақ ешқандай мекеме ұтып алуға ықылас білдірмеген. Ол бүгінде үшінші мәрте қайта жариялауды жоспарлап отырғанын айтты.

Біз мемлекеттік сатып алу конкурсының жарияланатын уақытын күтпей, «Назерке» шаруа қожалығының иесімен келісімге келіп, демеушілікпен тазартып отырмыз. Ол кез келген уақытта көмек беріп, ауыл көшелерін де қардан тазалайды. Бүгінде көліктер қалыпты жүріп жатыр. Егіндібұлақ ауылдық округін қардан тазалау үшін бюджеттен жалпы көлемі 14 млн 760 мың теңге бөлініп отыр, — деді ол.

Таулы аймақта орналасқан Қайыңды ауылдықокругіндедеқарқалың. Ауыләкімі Нұрболат Жалғас жыл басынан бері екі мәрте сатып алу порталына хабарландыру жарияланғанын айтты. Бірінші өткізілген конкурста құжаттар дұрыс болмай, портал кері қайтарыпты. Ал бүгінде қар тазарту бойынша жарияланған хабарландыруға «Аяжан С» шаруа қожалығы түсіп, құжаттары қаралуда.

Конкурс бойынша ұтып алған мекеме жақын арада өз жұмыстарын бастайды деген сенімдеміз. Олар қары қалыңжерлерді тазартып, жеңіл машиналардың жүріптұруына із салып, жұмыстанатын болады. Мердігер мекеменің иелігінде арнайы техникалары бар. Ал жазды күндері жолды тегістеу, суағарларды тазарту секілді жүмыстарды да атқарады, — деді Нұрболат Жалғас.

Құмжарған ауылдық округінің әкімі Қанағат Қалиевтің айтуынша, үш жылдан бері округ аумағын қардан тазарту жұмыстарын «Мәлік» ЖШС-нің директорыҮмбетқалиТөлепов жүргізіп келеді. Ол мемлекеттік сатып алу бойынша хабарландыру жыл басында берілгенін, бүгінде жұмыстардың жүргізіліп жатқанын тілге тиек етті.

Өткен жылы округті қардан тазалау үшін 4 млн 500 мың теңге бөлінген болатын. Ал биыл бұл қаржының көлемін ұлғайтуды сұрадық. Бүгінде қарды аршуға бюджеттен 8 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Келісімшартқа отырғанымызға да көп болмады. «Мәлік» ЖШС-нің иесі демеушілікпен қаңтар айында ауылішілік және ауыларалық жолдардың қарын 5 мәрте тазартып берді, — деді ол.

Құдайберген Жұбанов атындағы ауылдықокругінқардан тазала ужұмыстары енді ұйымдастырылуда. Округке жаңа сайланған әкім Ләззат Бердібаева қар тазалау жұмыстарын ұйымдастыру үшін ауыл кәсіпкерімен ақпан және наурыз айларына келісімшартқа отырып жатқандарын жеткізді. Оның сөзінше, екі айға отырып жатқан келісімшарттың жалпы құны 3 млн теңге.

Аудан орталығынан алыс орналасқан Ащысай ауылдық округінің тұрғындарына ақпанның ақтүтек бораны оңайға соқпады. Ауыларалық жолдарды қалың қар басып, жол қатынасы қиындады. Боран кезінде электр және интернет сымдары үзіліп, құрылғы орындарын қалың қар басқан. Бүгінде демеушілікпен округке қарасты елді мекендердің арасы тазартылып, жол қатынасы қалыпқа келген. Округ аумағын қардан тазалау жұмыстары үшін мемлекеттік сатып алуға хабарландыру берілген. Бірақ бүгінгі күнге дейін жеңімпаз мекеме анықталмаған.

Ащысай-Сабындыкөл-Қаракөл автокөлік жолдары бағыты бойынша жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Ащысай ауылдық өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері қар басып қалған трансформаторларды қардан тазартуға қолұштарын берді. Қатты боранның салдарынан шатырлары ұшқан үйлер де болды. Бүгінде зардап шеккен тұрғындардың үйлерінің төбелеріне шатыр салынды. Қар құрсауында қалған үйлердің ауласын қардан тазарту жұмыстары жүргізілді, — деді ауыл әкім Баймұрат Оразов.

Батпақкөл ауылдық округін қардан тазалау жұмыстарын «Шотов» жеке кәсіпкерлігі жауапкершілігіне алған. Бюджеттен бөлінген қаржыныңкөлемі — 4 млн 900 мыңтеңге. Ауыл әкімі Мейрамбек Боқашев жыл басынан бері екі мәрте мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс ойнатылғанын баяндады. Бірақ екеуі де түрлі заңнамаларға байланысты орындалмапты. Солсебепті «Шотов» жеке кәсіпкерлігімен шақырту бойынша келісімшартқа отырып, мердігер мекеме округке қарасты елді мекендердің кіреберіс жолдары мен көшелерін қардан тазалау жұмыстарын бастап кеткен. Сонымен бірге Жағабұлақ ауылын «Каспий нефт» ЖШС-і демеушілікпен тазартып отыр екен. Талдысай ауылдық округінің әкіміАйбек Мұқанов ауылды қардан тазалау үшін мемлекеттік сатып алу порталына бірнешемәрте хабарландыру бергенін, бірақ түрлі олқылықтарға байланысты кері қайтарылғанын айтты. Сол себепті бүгінде ауыл мектебін тұрғызып жатқан «Құрманалин» жеке кәсіпкерлігімен екі ай мерзімге келісімшартқа отыруға мәжбүр.

Ауылды қардан тазалау үшін бюджеттен 13 млн 700 мың теңге бөлінді. Ал келісімшартқа 4 млн 600 мың теңгеге отырудамыз. Бүгінде ауыл арасындағы жолдарды осы мекеме демеушілікпен тазалап берді. Ауыларалық жолдар ашық. Келісімшартқа отырғаннан кейін округке қарасты елді мекендердің қарын толығымен аршитын болады, — деді ауыл әкімі.

Нұрғаным КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАРҒА ИЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

МАҚСАТ — БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУ

admin_mugalzhar

РЕФЕРЕНДУМ — ЕЛ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН ҚАДАМ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.