«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Еліміздегі орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Бүгінде елімізде 2 миллион 343 мың зейнеткер бар. Оларға биылғы екі айда 306 миллиардтан аса теңге зейнетақы төленген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы көрсеткіштер негізінде орташа зейнетақы мөлшерін атады, деп жазады Egemen.kz.сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

«2024 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 346 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 810 теңге, базалық зейнетақы – 42 536 теңге. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 306,8 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді. Базалық зейнетақы төлеуге – 96,4 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 210,4 миллиард теңге жұмсалды», делінген министрлік хабарламасында.

Ұқсас ақпараттар

АЗАМАТ ШУНИМОВ: ЕЛІМІЗ СОТ ЖҮЙЕСІН ЦИФРЛАНДЫРУ БОЙЫНША ТӨРТІНШІ ОРЫНДА

admin_mugalzhar

Президент: Арал теңізін құтқару адамзат үшін өзекті мәселе болып қала береді

admin_mugalzhar

БІЗДІҢ АҒАЙ

admin_mugalzhar