«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

БІЗДІҢ АҒАЙ

Мұғалжар аудандық газетінде еңбек еткен 30 жыл ішінде мен төрт редактормен кызметтес болдым. Олар — Ж.Сегізбаев, Б. Неталин, Қ.Кенжеғалиев және Н. Қалиева. Арқайсысының өзіндік жұмыс істеу және ұжымды басқару мәнері бір-біріне ұқсамайтын. Мінез-құлықтары да өзгеше. Бірақ мақсат-мүдде бір, «журналистер» деген «қиын» ұжымды біліктілікпен басқарып, оқырманның жүрегінен орын алатын газетті дүниеге әкелу. Нәтижесінде 90 жыл ішінде атауы бірнеше мәрте өзгерген «Мұғалжар» аудандық газеттер рейтингісінде үнемі алдыңғы позициядан көрініп келеді. Мұны ардагерлер қауымы әркез мақтан тұтады. Ардагерлер ізін жалғастырған жас журналистерге де дән риза.

Жаңа айтып кеткенімдей, газеттің өмір жолында әр басшының өз қолтаңбасы қалады. Бүгін 75 жасқа толып отырған біздің Қуаныш ағай да — аудандық газет өмірінде өзіндік стилін қалыптастырғанжан. Ағай ұжымның әр мүшесінің мінез-құлқына, жұмыс істеу дағдысына, тіпті отбасы жағдайына сай бағыт-бағдар беріп, көрегенділікпен басқара білді. Үлкенге сыйқұрмет, жастарға ізет көрсетті. Газет ардагері Гүлсім апайдан «Қуаныш ағайың 75-ке толып жатыр» деген хабар келгеннен бері менің ойымнан 55 жасында бақилық болған Жанима апам кетпей қойды… 80-ші жылдардың ортасы. Ол кезде Қандыағаш бүгінгідей үлкен емес, шағын ғана қала еді… Тұрғындары да бір- бірін танитын. Қуаныш ағай мен Жанима апам құрдас. Бірі 46, бірі 47 жылғы. Екеуінің калжың сөздері бір-біріне керемет жарасатын. Ол кезде құрдастардың әзілдесуі де әдемі еді ғой. Ағаймені «балдыз» деп еркелетті. Жұмыста да «менің оң қолым» деп, барынша сенім артты. Мен де ағайдың сенімін ақтай білдім деп ойлаймын.

Енді міне, 75-ке толып, торқалы тойын жасап жатқан ағайға жүрекжарды лебізімді білдіргім келеді. «Қуаныш ағай! Мерейтойыңызбен құттықтаймын! Аман болыңыз! Алланың берген жасын жасаңыз! Қыздарыңыз бен немерелеріңіздің қызығын қызықтап, жүре беріңіз! Сізге екі дүние бақытын тіледім».

Ізгілік ТАҒАНОВА, ардагер журналист, Қарағанды қаласы.

Ұқсас ақпараттар

2727 КӘСІПКЕРЛІК НЫСАН ТЕКСЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Ақтөбе облысында 50-ден астам полицей қан тапсырды

admin_mugalzhar

СИТУАЦИЯ С КОРОНАВИРУСОМ В ЦИФРАХ И ФАКТАХ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.