«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Кабирхан миллион дирхам үшін бәйгеге түседі

Әлемге әйгілі қазақстандық жылқы Кабирхан 1 наурызда БАӘ-де өтетін дәстүрлі Dubai Racing Carnival жарысына қатысады, — деп жазды kaz.inform.kz сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 1,7 араб дирхамын құраса, ең жүйрік ат иесіне 1,02 миллион дирхам ақшалай сыйлық беріледі. Айта кетейік, қазіргі бағам бойынша бір араб дирхамы — 120 теңгеге тең.

Кабирхан биыл БАӘ-де өткен екі бірдей беделді жарыста топ жарған болатын. 30 наурызда Дубайда ат жарысынан әлем кубогы өтеді, онда Кабирхан әлемнің алдыңғы қатарлы жылқыларымен бірге бәйгеге түседі.

Жарыстардағы сәтті өнерінен кейін Кабирханға көз тіккендер көбейіп, иесі Тілек Мұханбетқалиевке миллион долларға сатуға ұсыныс жасағандар да болған. Бұл туралы «Ұлттық спорт» бағдарламасында Мұханбетқалиевтің өзі айтты.

Ұқсас ақпараттар

Биыл облыста 18 инвестициялық жоба жүзеге асырылады

admin_mugalzhar

ОСК мүшелері еліміздің 20 өңіріндегі сайлауға дайындық барысын тексеріп шығады

admin_mugalzhar

Елімізде екінші рет онлайн-диктант өтеді: Диктантқа қатысып, iPhone 13 ұтып ал!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.