«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елде ұялы байланыс қызметі күрт қымбаттады

Қазақстандық сарапшылар соңғы жылдары Қазақстанда ұялы байланыс қызметінің қаншалықты қымбатқа түскенін есептеп көрді.

Бірінші несие бюросының сарапшылары баға соңғы 13 жылда жоғары қарқынмен өсті деген қорытындыға келді.

«Биыл ақпан айындағы баға қаңтар айымен салыстырғанда 6,2%-ға өсті. Бұл – 2011 жылдың қаңтарынан бері ең жоғары айлық көрсеткіш. Соңғы рет 2023 жылдың шілде және тамыз айларында бағаның күрт қымбаттағаны тіркелген еді (2,8%). Ал ұялы байланыс қызметі соңғы рет 2018 жылдың ақпан айында арзандады», — делінген Бірінші несие бюросының хабарламасында.

Еске сала кетсек, биыл 15 қаңтарда Tele2, Kcell және Beeline ұялы байланыс операторларына сапасыз қызмет көрсеткені үшін 3,2 миллиард теңге айыппұл салынған болатын.

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда орташа жалақы 4%-ға қысқарды

admin_mugalzhar

ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

admin_mugalzhar

АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ АРДАҚТАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.