«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

26 сәуірден бастап қазақстандықтарға отандық QazVac вакцинасы салынады

COVID-19 таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қазақстандық QazVac вакцинасымен вакцинациялау 26 сәуірде басталатынын айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
QazVac коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасы «СҚ-Фармацияның» өңірлік хабтарына таратылды. Вакцина Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларына жеткізілген.
Отандық вакцинаның келесі партиясы мамыр айында жеткізіледі. Екінші партия 50 мың дозададан тұрады. Әрі қарай вакцина өндірісі біртіндеп айына 500-600 мың дозаға дейін көбейтіледі.
Вице-премьер Ералы Тоғжанов әзірге отандық вакцина тек Қазақстанда шығарылатынын айтты.
«Біз вакцинамыздың 500 мың дозасын құю туралы түрік компаниясымен қосымша келісім жасастық. Түркияда бөтелкеге құйылатын заттар тек Қазақстанда ғана қолданылады, вакцинаның барлық заттары, барлық шикізаттары осы жерде ғылыми-зерттеу институтында өндіріледі. Содан кейін Түркияға құтыға құю үшін тасымалданады. Бұл мәселе шешілді. Түркиямен келісімге қол қойылды», – деді Тоғжанов.

Ұқсас ақпараттар

4 қарашадан бастап сайлаушылар өзі туралы деректерді тексере алады – ОСК

admin_mugalzhar

РУХАНИ КЕШ МЕРЕЙЛІ БЕЛЕСТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІСІНЕ АРНАЛДЫ

admin_mugalzhar

ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН ЖАНДАР

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.