«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Елімізде 217 елдімекенде су тасу қаупі жоғары

Елімізде 200-ден астам елдімекен су басу қаупі бар аймақта орналасқан, деп хабарлайды Zakon.kz. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar.kz.

Төтенше жағдайларды жою департаментінің дерегінше, күннің күрт жылынуына байланысты қар тез ери бастады. Қазірдің өзінде 10 өңірде қарғын судың жайылу фактісі тіркелген.

Осы айдың соңына дейін кей өңірде жауын-шашын мол болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, қауіп күшейе түседі. Дегенмен, төтенше жағдай мамандары тасқынның алдын алумен күресіп жатыр. Халықты құлақтандыру пысықталып, құтқару пунктері әзірленген.

Елдімекендерден 10 млн текше метрден астам қар шығарылған.

Ұқсас ақпараттар

Өңірде су тасқынына қарсы жедел штаб жұмысын бастады

admin_mugalzhar

АДАЛ ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН НАН ТӘТТІ

admin_mugalzhar

«МЕНІҢ ҚАЗАҚСТАНЫМ»: Республика күні аталып өтті

admin_mugalzhar