«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТОЙ БОЛЫП ЖАТЫР БҰЛ МАҢДА

Орталық саябаққа Наурыз мейрамын тойлауға жиналғандардың қатары көп болды. Аудан аумағындағы мемлекеттік және өнеркәсіп мекемелерінің қолдауымен тігілген киіз үйлердің ішіне қолөнер көрмелері ұйымдастырылып, дастархан жайылды. Тұсау кесу, беташар, ат қою секілді ұлттық салт-дәстүрлерден көріністер қойылды. Әсіресе, аудандық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлерінің жәдігерлерден жасаған көрмесі көптің көңілінен шықты Тұрғындар құнды дүниелерді қолдарына ұстап көріп, тарихымен танысып, естелікке суретке түсті.
Наурыз тойға келген қала тұрғындары қой көтеру, қол күрес, арқан тартыс сияқты ұлттық ойындарға қатысып, күштері мен бақтарын сынады. Ал мәдениет қызметкерлері әсем ән мен көркем жырдан шашу шашып, қандыағаштықтардың көңілін көтерді.
Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов аудан тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі ниетін білдіріп, киіз үй тігіп, көрме ұйымдастырғандарды марапаттады.

 

Ұқсас ақпараттар

Актюбинские аграрии стали эффективнее работать

admin_mugalzhar

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin_mugalzhar

«АСАР ҮМЕ» ҚОРЫ ҚАНДЫАҒАШТЫҚ БІР ОТБАСЫН ҚУАНТТЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.