«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келген жоқ — Министрлік

Су тасқыны кезінде тұрақтандыру қорларындағы азық-түлікке залал келген жоқ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел кеңесте айтылды.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегі бойынша, еріген судан зардап шеккен Ақтөбе, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Абай облыстарындағы тұрақтандыру қорларында 63 мың тоннадан асатын азық бар. Барлық өнім құрғақ жерде, сақтаулы.

Жиында басқа өңірлердің тұрақтандыру қорларындағы 110 мың тонна азық-түлік қоры қажет болған жағдайда, төтенше жағдай болған аймақтарға жедел жөнелтілуі мүмкін екені айтылды.

@qazaqstan

Ұқсас ақпараттар

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА БОЛУЫ ТИІС

admin_mugalzhar

ҚАНДЫАҒАШТА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar

Министр «Алтын белгі» алудың жаңа ережелері туралы бұйрыққа қол қойды

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.