Қазақстан аумағы бойынша 2024 жылғы 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ. сайтына сілтеме жасаған mugalzhar. kz.
Республика аумағының басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады. Осыған байланысты түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде), күндіз жаңбыр жаууы болжанады.
Қатты жаңбыр 9 сәуірде еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында, қатты жауын-шашын 9-11 сәуірде шығыста, 11 сәуірде орталығында күтіледі. Сондай-ақ жел күшейеді, оңтүстік аймақтарда найзағай, бұршақ және қатты жел болжанады.
Күндіз республиканың солтүстігінде ауа температурасы 0-8 градус жылы, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта 5-15 градус жылы, батыста және оңтүстікте 15-23 градус жылы болады.
Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.