«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СУ ТАСҚЫНЫНАН ЗАРДАП ШЕККЕН 62 МҰҒАЛЖАРЛЫҚ ОТБАСЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ШЫҒЫНДЫ ӨТЕУГЕ ӨТІНІШ БЕРДІ

Аудан әкімінің орынбасарлары Бекболат Құлмағамбетов пен Әкімжан Есенаманов бастаған аудандық комиссия өкілдері су тасқыны кезінде зардап шеккен отбасылардың үйлеріне зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Аудандық комиссия өкілдері Ембі қаласында, Басшилі, Сағашилі, Жағабұлақ, Шеңгелши, Бірлік, Қаракөл ауылдарында болды. Су тасқынынан аудан бойынша барлығы 75 үй-қора мен 3 кәсіпкерлік нысан зардап шекті.

Комиссия мүшелері зардап шеккен үй иелерімен және жеке кәсіпкерлермен кездесіп, зерделеп шығын көлемін шығаратындарын жеткізіп, өздері тарапынан тексеру актсін жасады. Сондай-ақ 62 мұғалжарлық отбасы біржолғы материалдық төлем алуға өтініш берді. Отбасыға біржолғы төлем 100 АЕК (369200 теңге) құрайды.

Ұқсас ақпараттар

Елімізде құжаттарды жедел беру құны төмендейді

admin_mugalzhar

Дені сау ұрпақ – ана денсаулығынан

admin_mugalzhar

ЖАҢА ҮЙЛЕР БИІК ЖЕРДЕ САЛЫНУДА

admin_mugalzhar