«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ТАСҚЫНҒА ТӨТЕП БЕРГЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін аудан әкімі Дархан Ермағанбетов, көктемгі су тасқыны кезінде аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысқан азаматтарға алғысын білдіріп, марапаттады.
Наурыз айының соңғы аптасында күн күрт жылынып, еріген қардың суы сай салаға толғанымен қоймай, ауыл аймаққа басып кіріп, мұғалжарлықтарды әбігерге салғаны белгілі. Жиын барысында сөз алған аудан басшысы су тасқынына қатысты орын алған төтенше жағдайдың барлығы үшін үлкен сынақ болғанын, алдағы уақытта атқарылар шаруаның зор екенін атап көрсетті.
-Сіздер осындай сын сағатта аудан халқының амандығы үшін, мезгіл мен ауа-райының жағдайсыздығына қарамастан қызметке адалдық танытып, қарсы келген қиындықты ерлікпен еңсере білдіңіздер. Сіздер барлық құрметке лайықтысыздар. Тасқын кезеңінде төтенше жағдайды жоюға, жергілікті атқарушы органмен бірге жұмыс жасағандарыңыз үшін сіздерге зор алғысымды білдіремін, — деді аудан әкімі Дархан Ермағанбетов.
Алғыс арқалағандардың қатарында «Энергосистема» ЖШС-нің, «Коммуналшы» мекемесінің, Қандыағаш станциясы отын қоймасының, Қандыағаш жол дистанциясының, Қандыағаш пайдалану депосының, «Кентавр» ЖШС-нің, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС-нің, «ҚАЖсервис» ЖШС-нің, АОФ мекемелерінің қызметкерлері және аудандық полиция бөлімінің мамандары, жеке кәсіпкерелер мен ақылы қоғамдық жұмысшылар бар.

Ұқсас ақпараттар

БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК БАЗАРЛЫҚ

admin_mugalzhar

МЕДРЕСЕ ТҮЛЕКТЕРІН АУДАНҒА ШАҚЫРДЫ

admin_mugalzhar

Нұрзат ҚАЙЫРМАҒАМБЕТОВ, Жастар ресурстық орталығының басшысы: АТА-АНАМЫЗДЫҢ АҚЫЛЫ — БІРІНШІ ОРЫНДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.