«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

СУ ТАСҚЫНЫ: 63 ОТБАСЫҒА ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ АУДАРЫЛДЫ

Мұғалжар ауданы бойынша көктемгі су тасқынынан 63 үй,14 шаруашылық және кәсіпкерлік нысан зардап шекті.

Бүгінгі күнге “Астана АрхСтройПроект” ЖШС мамандары техникалық сараптама жүргізіп, толығымен аяқтады. Қазіргі таңда қорытындысы шығарылуда.

Ал «Центр экономических иследовании и прогнозов Реформа тех.обследование» “Астана Строй Проект” ЖШС мамандары келтірілген шығынды бағалау жұмыстарын жүргізуде.
Аудандық бюджеттен су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға өмірдің қиын жағдайына тап болуына байланысты 63 тұрғынға 396 200 тг көлемінде 24 960 600 тг әлеуметтік төлем аударылды.

Сонымен қатар ауылшаруашылығы саласынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, елді мекендерді аралап мал шығындары бойынша анықтап актілеу жұмыстарын жүргізуде.

Ұқсас ақпараттар

Қандыағаш қаласындағы белсенді ұзақ өмір сүру орталығына 60-тан астам зейнеткер келеді

admin_mugalzhar

Мәжіліс Сенаттың әлеуметтік желі мен кибербуллингке қатысты түзетулерімен келісті

admin_mugalzhar

Мемлекет басшысы Бразилияның Сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

admin_mugalzhar