«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЖАҢАДАН 21 ҮЙ САЛЫНАДЫ

ТАСҚЫН СУДАН ЗАРДАП ШЕГІП, ҮЙЛЕРІ ЖАРАМСЫЗ ДЕП ТАНЫЛҒАН БІРЛІК ЖӘНЕ ЖАҒАБҰЛАҚ АУЫЛДАРЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЖАҢАДАН БАСПАНА САЛЫНАДЫ. БҰЛ ТУРАЛЫ АУДАН ӘКІМІ ДАРХАН ЕРМАҒАНБЕТОВ АЙТТЫ.

Осы уақытқа дейін аудан басшысы тасқын судан зардап шеккен отбасылармен кездесіп, баспанамен қамтудың барлық тәсілдері мен мүмкіндіктері қарастырылатынын айтып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған еді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Бірлік және Жағабұлақ ауылдарынан жалпы саны 21 тұрғын үй салынатын болды.
— Тасқын судың салдарын жою мақсатында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Құрылған комиссия мен арнайы мамандар тарапынан тұрғын үйлер мен шаруашылық нысандарға техникалық сараптама бірнеше мәрте жүргізілді. Сонымен бірге келтірілген шығынның да бағалау жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгінде белгілі бол-ғандай, Бірлік ауылынан 5 тұрғын үй, Жағабұлақ ауылынан 16 тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бүгінде үй салынатын жер учаскелері белгіленуде. Ал қалған тұрғындар ауылдан және қаладан өздері тұратын үйлерді қарастыруда. Қаржы мемлекет тарапынан беріледі. Сонымен бірге үйді сатып алу жұмыстары үшжақты келісімшарт бойынша жүзеге асырылады, — деді аудан әкімі.

Н.ТІЛЕП.

Ұқсас ақпараттар

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ЕМБІДЕ БОЛДЫ

admin_mugalzhar

Аударыспақтан Қазақстан ұлттық құрамасы 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарына дайындықтарын пысықтап жатыр

admin_mugalzhar

АЭС – келешектің ұтымды жобасы

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.