«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Ембі қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Қазтай Тыныштықовты еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірімдер арасында облыстық ашық біріншілік өтті.

Аталған спорт додасын аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Ембі қалалық балаларжасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған. 2012-2014 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа Маңғыстау, Қызылорда облыстарынан, Ақтөбе, Қандыағаш, Ембі қалаларынан, Байғанин, Шалқар, Қобда, Темір, Мәртөк аудандарынан, Бұлақты, Қайыңды ауылдарынан 200-ден аса спортшы қатысты. Додаға қатысушылар 11 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, бабы мен бағы жанғандар жеңімпаз атанып, жеңіс тұғырынан көрінді. Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен кубоктар табысталды. Сонымен бірге үздік өнер көрсеткен спортшыларға демеушілер тарапынан сыйлықтар берілді.

Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Головкин мен Канело кездесуінің кестесі белгілі болды

admin_mugalzhar

АУЫЛ АМАНАТЫ»: КӘСІП ЖАСАУҒА – МҮМКІНДІК

admin_mugalzhar

Қазақстанда неке мен отбасы құндылықтары конституциялық деңгейде күшейтіледі

admin_mugalzhar