«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТТАР ТАБЫСТАЛДЫ

Ембі қалалық мәдени орталығында 7 мамыр — Отан қорғаушы күні мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға аудан әкімі Дархан Ермағанбетов және Ембі қаласының тұрғындары қатысты.

Аудан әкімі Дархан Жанысханұлы іс-шараға жиналғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудан басшысы су тасқыны кезінде қызметіне адалдық танытқан ембіліктерді марапаттады. Сондай-ақ көктемнің қиын жағдайында көрсете білген төзімділігі мен шыдамдылығы үшін сын сағатта қызмет еткен азаматтарға алғысын білдірді.

Салтанатты жиын Ембі қалалық мәдени орталығы қызметкерлері дайындаған мерекелік патриоттық іс-шарамен жалғасты.

Ұқсас ақпараттар

АУДАН ӘКІМІНІҢ КЕЗДЕСУІ МҰҒАЛЖАР АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСТЫ

admin_mugalzhar

ҚЫС – 2024: ЖОЛ ТАЗАРТУ, ҚАР АРШУ һәм ТАЗАЛЫҚ

admin_mugalzhar

26 сәуірден бастап ХҚКО кейбір қызметтерді тоқтатады

admin_mugalzhar