«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КОЛЛЕДЖГЕ — 13 ЖЫЛ

Аудандық мәдениет үйінде Мұғалжар гуманитарлы-техникалық колледжінің ашылғанына 13 жыл толуына орай, аудандық «Жастар Көктемі» байқауы ұйымдастырылды.

Байқау алдында ең алдымен, колледж студенттері театрының тұсаукесері болды. Тұсаукесерде көрермендерге жастарға тәрбиелік маңызы зор «Қарттар үйі» қойылымы ұсынылды. Қойылымға халықаралық байқау жеңімпаздары, колледждің вокал тобындағы әншілері мен инструментальды музыка аспаптарында ойнайтын студенттер қатысып, шебер ойнап шықты. Зал толы көрермен орындарынан тұрып, ду қол шапалақпен ризашылықтарын білдірді.

Кешке қатысқан аудандық мәслихат төрағасы, МГТК колледжінің қолдаушысы Бақытжан Кадралинге және колледждің «Адаев» стипендиясын тағайындап, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетіп жүрген Аманжол Адаевқа және «Sport Life» ғимаратын колледж студенттеріне меморандум негізінде тегін қолданысқа беріп отырған Сергей Ведушкинге колледж басшысы Талғат Жұмағанбетов Алғыс хат табыстады. Сондай-ақ кеште көпбалалы отбасылардың балаларын мемлекеттік тапсырыспен оқытуды қамту рейтінгінде үздік көрсеткіш көрсеткен Ақкемер ауылдық округінің әкімі Дамир Қожаниязов пен Еңбек ауылдық округінің әкімі Аманбай Каюпов колледж атынан марапатталды.

Шараның жалғасы ауыл және қала мектептерінің оқушылары қатысқан «Жастар Көктемі» байқауына ұласты. Байқауға қатысушылардың барлығы ұлттық ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, қазақ жазушыларының шығармаларын орындау бойынша бақ сынасты. Әділқазылардың қорытындысы бойынша, жүлделі 1 орынды Қандыағаш қалалық №3 мектеп-гимназиясы иеленді. Екінші орынды Сағашилі орта мектебі алса, 3 орыннан Қандыағаш қалалық №1 ЖББОМ көрінді. Ал Қандыағаш қалалық №4 орта мектебі «Ең талапты, өнерлі жастар» кубогін жеңіп алды.

Байқау жеңімпаздары 1- орын үшін 100 000 теңге, 2- орын үшін 70 000 теңге және 3 орын үшін 50 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттармен марапатталды. Өзге қатысушылар да марапттан құр қалмады.

А.МАНАСБАЕВА

Ұқсас ақпараттар

ЕЛІМНІҢ ЕРТЕҢІНЕ СЕНЕМІН

admin_mugalzhar

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЗАРДАБЫ: ШАЙҚАЛҒАН ШАҢЫРАҚ, ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ

admin_mugalzhar

ЖАҢА СОТ ТӨРАҒАСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.