«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

ӘСКЕРИ СОТ САЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АРДАГЕРІ

ОТАН ҚОРҒАУ ӘРБІР АДАМ ҮШІН ҚАШАНДА ҚАСИЕТТІ БОРЫШ САНАЛҒАН ЖӘНЕ СОЛАЙ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕРІ АНЫҚ. ОСЫ ЖОЛДА ЕЛІМІЗДЕ АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЕТКЕН ӨР ТҰЛҒАЛЫ АЗАМАТТАР ЖЕТЕРЛІК. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ МҰНАРЛЫ МҰҒАЛЖАРДАН ШЫҚҚАН БАТЫРЛАР ДА БАР. ЕНДЕШЕ, РИЯСЫЗ СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІНЕ АЙНАЛҒАН МҰҒАЛЖАР МАҚТАНЫШТАРЫМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР.

Жерлесіміз Сағитжан ТАСМАҒАМБЕТОВ саналы ғұмырын әскери сот саласына арнаған жан. Ол әскери бөлімдер мен әскери басқару органдарының тарапынан туындаған істерге үлкен жауапкершілікпен қарап, мұқият зерделеп, заңды да негізді шешімдер қабылдай білген, әскери сот саласының құрметті ардагері.

Сағитжан Тасмағамбетов Мұғалжар тауының баурайы мен Жем өзенінің бойында орналасқан Ембіде туып-өскен. 1963 жылы Жұрын орта мектебін бітіргеннен кейін Қандыағаш дистанциясында жұмысшы, Ембі қаласындағы №462 мектептің меңгерушісі, бастауыш класс мұғалімі болып жұмыс істеді. 1965 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетіне заңгерлік мамандығына кешкі оқуға түскен. Оқып жүріп, Алматы қаласындағы №1 Автожөндеу зауытында ұста және С.М.Киров атындағы зауытта токарьдің шәкірті болып еңбек етті. 1969 жылы оқуымды аяқтап, Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ ММТСҚК инспекторы, аға инспекторы, Қазақстан КП Калинин аудандық комитеті «Білім» қоғамының хатшысы болды.

Сағитжан Тасмағамбетовтың әскери мансабы 1971 жылы басталды. 1970 жылы әскерден оралған Алматы облыстық атқару комитетінің ІІБ СТЖ бөлімінің нұсқаушысы, КСРО ІІМ Алматы орта арнайы милиция мектебінде курс бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

1972 жылдан — КСРО ІІМ Алматы орта арнайы милиция мектебінде курс бастығының орынбасары, 1973 жылдан — №90344 әскери бөлімнің әскери трибуналының аға хатшысы, 1976 жылдан — Солтүстік Осетин АКСР Орджоникидзе гарнизоны әскери трибуналының мүшесі, 1981 жылдан — Волгоград гарнизоны әскери трибунал төрағасының орынбасары, 1984 жылдан — Тынды гарнизоны әскери трибуналының төрағасы,1989 жылдан — оңтүстік әскер тобы әскери трибуналының мүшесі, 1991 жылдан — Ташкент гарнизоны әскери трибуналының төрағасы, 1992 жылдың ақпан айынан — ҚР Мемлекеттік қорғаныс комитеті істері басқармасының бастығы, 1992 жылдың маусым айынан — ҚР Жоғарғы сотының әскери істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. 2001 жылдан — ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2007 жылдың наурыз айынан 2010 жылға дейін — ҚР Әскери сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы қызметтерін абыроймен атқарды. Қазақстан Заңгерлер қауымдастығының вице-президенті. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комитеттің мүшесі. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтой медалімен марапатталған.

Дайындаған Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

НАСЫБАЙ: САТУШЫ ДА, САТЫП АЛУШЫ ДА ЖАУАПҚА ТАРТЫЛУЫ МҮМКІН

admin_mugalzhar

Биылдан бастап онлайн петициялар Үкімет деңгейінде қаралады

admin_mugalzhar

Демалыс күндері сұлулық салондары, фитнес орталықтары және діни нысандарға жұмыс істеуге рұқсат етілді

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.