«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

АУДАННАН ШЫҚҚАН БАТЫР

ОТАН ҚОРҒАУ ӘРБІР АДАМ ҮШІН ҚАШАНДА ҚАСИЕТТІ БОРЫШ САНАЛҒАН ЖӘНЕ СОЛАЙ БОЛЫП ҚАЛА БЕРЕРІ АНЫҚ. ОСЫ ЖОЛДА ЕЛІМІЗДЕ АБЫРОЙЛЫ ЕҢБЕК ЕТКЕН ӨР ТҰЛҒАЛЫ АЗАМАТТАР ЖЕТЕРЛІК. ОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ МҰНАРЛЫ МҰҒАЛЖАРДАН ШЫҚҚАН БАТЫРЛАР ДА БАР. ЕНДЕШЕ, РИЯСЫЗ СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІНЕ АЙНАЛҒАН МҰҒАЛЖАР МАҚТАНЫШТАРЫМЕН ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР.

МӘЛКЕДЖАР БӨКЕНБАЕВ — МҰҒАЛЖАР АУДАНЫНАН ШЫҚҚАН КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ. ОЛ 1924 ЖЫЛЫ ЖҰРЫН АУДАНЫ, СОЦЖОЛ АУЫЛЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН. ОРТАЛАУ МЕКТЕПТІ БІТІРГЕСІН АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТЕ, СОТТА ҚЫЗМЕТ ІСТЕГЕН. 1941 ЖЫЛЫ ӘСКЕР ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛЫП,1943 ЖЫЛЫ ШІЛДЕДЕ МАЙДАН ШЕБІНЕ ЕНЕДІ. ЛЕЙТЕНАНТТАР ДАЙЫНДАЙТЫН КУРСТЫ БІТІРГЕН.

1944 жылдың 20 шілдесінде лейтенант Бөкенбаев қарсыластарының бораған оғы астында өзінің взводымен бірінші болып Батыс Буг өзенін кесіп өтеді. Өзге бөлімшелермен біріге отырып, кескілескен ұрыспен плацдармды алды. Немістер түнімен үш рет шабуылға шықты, біздің жауынгерлер сонда да беріспеді. Екінші күні взвод плацдармды ұлғайта отырып, Дорохуск елді мекенін басып алып, бірнеше жау шабуылына төтеп береді. Қарсы биіктегі жаулардан позицияны тартып алу ұрысында немістің 102 солдаты мен офицері тұтқындалып, ал взвод командирі Бөкенбаев 5 солдат пен 2 офицерді тұтқындайды. Лейтенант жарақат алғанына қарамастан, саптан шықпай, өзге бөлімшелер көмекке келіп жеткенше взводты басқарады.

Батыс Буг өзенін алуда және плацдармды сақтап қалуда көрсеткен ерлігі үшін М.Бөкенбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. «Ленин», І дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл жұлдыз», «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдарымен марапатталған. Соғыс біткен жылдың күзінде батыр елге оралған. Бірақ келесі жылы Батыс Украинаға бендерлермен шайқасуға тағы шақырылады. Соғыстан кейін жоғары партия мектебін бітіріп, Ақтөбеде еңбек етеді. Ол облыстық партия комитетінде, облыстық ішкі істер басқармасында қызмет атқарады.

1978 жылы майор шенімен зейнет демалысына шыққан. 6 бала тәрбиелеп өсірді, 12 немере, 4 шөбере сүйді. 2003 жылы өмірден өтті.

Дайындаған Н.ТІЛЕП

Ұқсас ақпараттар

Женщина на производстве — залог успеха

admin_mugalzhar

ЕЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

admin_mugalzhar

АЭС: ҚОРҚЫНЫШ және КҮДІК

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.