«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұрзат ҚАЙЫРМАҒАМБЕТОВ, Жастар ресурстық орталығының басшысы: АТА-АНАМЫЗДЫҢ АҚЫЛЫ — БІРІНШІ ОРЫНДА

Әр отбасының өзіндік ерекшелігі, жазылмаған өз заңы, орнаған өз тәртібі бар. Үйдегі кейбір үрдістер атадан балаға аманатталып жатады. Тіпті сол әулеттің өз салт-дәстүріне айналады. Халықаралық отбасы күні қарсаңында оқырмандарымызға «Сіздің үйдің өз дәстүрі, жазылмаған заңы бар ма?» деген сауал жолдадық. Отбасы құндылығын шаңырағындағы әдеттермен әдіптей білген жандардың жауабы төмендегідей болды…

Біздің отбасы үлкен отбасылардың қатарынан, себебі үйде ата-анам, аға-жеңгем — бәріміз бірге тұрамыз. Біздің отбасылық қағидамыз: «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз — біріміз үшін»! Үнемі осы ұстаным үдесінен шығып, қашан да, қандай жағдайда да бір-бірімізге қолдау көрсетуге тырысамыз. Мәселен, егер отбасымызда ағам немесе мен бір бастама бастағымыз келсе, міндетті түрде ата-анамызбен ақылдасамыз және сол кісілердің айтқанын жасаймыз. Үлкенді құрметтеу, сыйлау – ол енді өзгермейтін қағида десе де болады. Сонымен бірге мереке мен туған күндерді мін-детті түрде бірге бас қосып, атап өтеміз. Әсіресе, біздің үйде жазылмаған заң – ата-анамыздың отау құрған күндерін ерекше етіп өткізу. Жыл сайын сол күні жақсы мейрамхана жалдап, отбасы болып тойлап қайтамыз.

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Қазақстанда жаңа зерттеу университеті ашылады

admin_mugalzhar

ҚОЙНАУЫ ТАРИХҚА ТОЛЫ – «ҚОНЖАР» БАЛАЛАР ҮЙІ

admin_mugalzhar

ҰЛТТЫҚ-СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.