«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Тұрсынгүл ТОҚАЕВА, аудандық мәдениет үйінің қызметкері: ҮРДІС — ӘКЕДЕН БАЛАҒА ЖАЛҒАСУДА

Әр отбасының өзіндік ерекшелігі, жазылмаған өз заңы, орнаған өз тәртібі бар. Үйдегі кейбір үрдістер атадан балаға аманатталып жатады. Тіпті сол әулеттің өз салт-дәстүріне айналады. Халықаралық отбасы күні қарсаңында оқырмандарымызға «Сіздің үйдің өз дәстүрі, жазылмаған заңы бар ма?» деген сауал жолдадық. Отбасы құндылығын шаңырағындағы әдеттермен әдіптей білген жандардың жауабы төмендегідей болды…

Менің отбасым үшін ерекше күн бар. Ол күн — қасиетті жұма күні. Марқұм жолдасым көзінің тірісінде әр жұмадатаңертеңгі аста амандық үшін дұға оқитын. Дұға оқып болған соң әрбір отбасы мүшесі арманын дауыстап айтып шығады. Балаларымның әкесі менен бастап бәріміздің маңдайымыздан сүйіп, «армандарың орындалсын» деп тілеуші еді. Балалаларым әр кез сайын «әкем маңдайымыздан сүйді, енді армандарымыз орындалады» деп қуанып, мәз болатын. Ал бүгінде осы дәстүрді ұлым өз отбасында жалғастырып келеді. Әкесінен көргенін жасап, бәріміздің арманымыздың орындалуын тілеп, тілек тілейді. Міне, отбасымдағы осы дәстүр мен үшін де, балаларым үшін де өте құнды.

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

Шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталады

admin_mugalzhar

Синоптиктер су тасқыны қаупі жоғары өңірлерді атады

admin_mugalzhar

Құрметті ақтөбеліктер және қала қонақтары!

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.