«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Мақсат ӘБІЛЖАНОВ, аудандық мәслихат аппаратының басшысы: САЯХАТ – ОТБАСЫН БІРІКТІРЕДІ

Әр отбасының өзіндік ерекшелігі, жазылмаған өз заңы, орнаған өз тәртібі бар. Үйдегі кейбір үрдістер атадан балаға аманатталып жатады. Тіпті сол әулеттің өз салт-дәстүріне айналады. Халықаралық отбасы күні қарсаңында оқырмандарымызға «Сіздің үйдің өз дәстүрі, жазылмаған заңы бар ма?» деген сауал жолдадық. Отбасы құндылығын шаңырағындағы әдеттермен әдіптей білген жандардың жауабы төмендегідей болды…

Қарапайым қазақтың отбасымыз. Бала тәрбиесі күн тәртібіндегі басты мәселе болудан еш толастаған емес. Желкілдеп өсіп келе жатқан жас шыбықтың бойына тәрбиенің дәнін егу, оның бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру – әрдайым өзекті мәселе. Қазіргі таңда балаларымызға мейілінше мол көңіл бөліп, барынша қолдау көрсетуге тырысудамыз.Отбасымыздағы ерекшелік деп айтуға келе ме, жоқ па білмедім, бірақ жыл сайын жазғы демалыста отбасымызбен саяхат жасаймыз. Әрі жыл сайын балалар көрмеген, білмеген жерлерге апарып, сол жердің табиғатын көрсетіп, тарихымен таныстырамын. Бұл да отбасымыз үшін ерекше сәт. Бір жағынан демаламыз, бір жағынан көрген-білгенге не жетсін! Осы дәстүрді жыл сайын орындап келеміз.

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

Ұқсас ақпараттар

ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕКЕМЕСІНЕ 3 ЖАҢА ТЕХНИКА БЕРІЛДІ

admin_mugalzhar

Ауыл медицинасы дамиды

admin_mugalzhar

ЕМБІ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУДА

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.