«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

Нұрбол ИБРАЕВ, Қ.Жұбанов атындағы орта мектептің директоры: АТА-БАБАМЫЗ АСТЫ СЫЙЛАҒАН

Әр отбасының өзіндік ерекшелігі, жазылмаған өз заңы, орнаған өз тәртібі бар. Үйдегі кейбір үрдістер атадан балаға аманатталып жатады. Тіпті сол әулеттің өз салт-дәстүріне айналады. Халықаралық отбасы күні қарсаңында оқырмандарымызға «Сіздің үйдің өз дәстүрі, жазылмаған заңы бар ма?» деген сауал жолдадық. Отбасы құндылығын шаңырағындағы әдеттермен әдіптей білген жандардың жауабы төмендегідей болды…

Мен енді жас отбасымын ғой. Өзім де, келіншегім де отыздан астық, үш ұлымыз бар. Үлкен ұлым 1 сыныпта, ортаншы ұлым мектепалды даярлықта, кенже ұлым балабақшада. Оларға деген белгілі бір қағида уақыт өте келе білінер… дегенмен, қазір бір «қатып қалған қағидамыз» бар, ол — барлығымыз бірдей ас қайырмай, ешкім дастарханнан тұрмайды. Бұл менің әкемнен, балаларымның атасынан бастау алған үрдіс. Кейде қара шаңырақтағы дастархан басындағы не түскі ас, не кешкі ас кезінде шұғыл тұрып кететін жағдайлар болса да, “әке, өз батам өзіме, тұрсам бола ма?” деп рұқсат сұрап аламын… Ол кезде әкешешем, қарындаста — рым, келіншегім, балаларым, інім мен келінім болады дастарханда . Сосын біздер төрт көзіміз түгел жиналмай, ас ішуге отырмаймыз.

Әйгерім ДАРХАНҚЫЗЫ

 

Ұқсас ақпараттар

«Қазақстанның 100 жаңа есімі – 2021» жобасына өтінім қабылдау басталды

admin_mugalzhar

ЖҰМЫСЫН ЖАҚСЫ КӨРЕТІН ЖАН

admin_mugalzhar

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға құжаттарды қабылдау 16 шілдеде басталады

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.