«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

КӨЛІК САЛЫҒЫ: ТҰРҒЫНДАР 22 МЛН 728 МЫҢ ТЕҢГЕ БЕРЕЖАҚ

Аудандық кірістер басқармасының мамандары осы жылы аудан бюджетін 12 млрд 802,3 млн теңгеге жеткізуде жоспарлауда. Бұл туралы кірістер басқармасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұхамбетов айтты. Ал осы жылдың жарты жылдық жоспары – 6 млрд 183,1 млн теңге.

Жергілікті бюджет жоспарының басым бөлігі, яғни 53.6 пайызы жеке және заңды тұлғалардың мүлік салығына тиесілі. Оның көлемі — 6 млрд 859,3 млн теңге. Мұғалжар ауданының аумағында өндіріс мекемелері көптеп шоғырланған. Соның нәтижесінде жыл сайын аудан бюджетінің көлемі де артып отыр. Ал аудан тұрғындарының жеке табыс салығынан 2 млрд 963,6 млн теңге, әлеуметтік салыққа 1 млрд 912,2 млн теңге түседі. 2024 жылдың мамыр айына дейін аудан бюджетіне түрлі салық түрлерінен 4 млрд 300,4 млн теңге көлемінде қаржы түсті, — деді аудандық кірістер басқарамасы басшысының орынбасары Нұрлыбек Лайықұлы.

Ол бүгінде көлік салығын төлемей, жалтарып жүргендердің де барын жеткізді. Аудан бойынша жалпы саны 522 адам 22 млн 728 мың теңге көлемінде көлік салығына бережақ. Оның ішінде 36 адамның қарызы 100 000 теңгеден жоғары, яғни 12 млн 496 мың теңгені құрайды. Осы уақытқа дейін жеке тұлғалардың көлік салығынан 163,3 млн теңге көлемінде салық түскен.

Бүгінде аудан аумағындағы салыққа бережақ тұлғалармен жұмыстар жүргізілуде. Алдымен оларға берешегі бары жөнінде хабарлама жіберіп, 30 күн мерзімінде уақыт береміз. Егер осы уақытта салық өтелмеген жағдайда, мәжбүрлі түрде өндіруге бұйрық шығарылып, сот орындаушыларына жіберіледі, — деді Нұрлыбек Мұханбетов.

Н.КЕСІКҚҰЛ

Ұқсас ақпараттар

АЯУЛЫМ — ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

admin_mugalzhar

«МҰҒАЛЖАРДЫҢ» ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ

admin_mugalzhar

Мүлік және жер салығын 1 қазанға дейін төлеу керек

admin_mugalzhar

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.