«Мұғалжар» аудандық қоғамдық-саяси газеті

«KEGOC» АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ІРІ ЖОБАНЫ ҚОЛҒА АЛМАҚ

Аудан әкімі Дархан Ермағанбетов «KEGOC» АҚ компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Бүгін аталған компания Ақтөбе облысында ірі жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Электр қуатымен қамтамасыз ететін компания бірегей жоба — 500 кВт-тық «Ақтөбе-Атырау» транзиті желісінің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттарын дайындауда.
Кездесу барысында компания өкілдері жоба аясында Мұғалжар ауданы аумағының үстінен электр желілері арқылы өтетін энер­гия жүйесін тарту жұмыстарына байланысты ұсыныс-пікірлерін жеткізді.
Аудан әкімі Дархан Жанысханұлы аталған жобаға байланысты аудан әкімдігі тарапынан тиісті қолдау шаралары жүргізілетіндігін айтты.

Ұқсас ақпараттар

ӨМІР СҮРГІМ КЕЛЕДІ…

admin_mugalzhar

ЖЫЛЫЖАЙ 5 ТОННА ҚИЯР БЕРЕДІ

admin_mugalzhar

ҚМДБ: Онлайн құрбан шалуға арналған сайт іске қосылды

admin_mugalzhar